Спорт • 07 Ақпан, 2024

Чемпионат Чехияда өтеді

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7–18 ақпан аралығында Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан қысқы әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Чемпионат Чехияда өтеді

Фото: olympic.kz

Былтырғы дүниежүзілік дода дәл осы уақытта Германияның Оберхоф қаласында өткен еді. Аталған жарыстың жалпы есебінде Норвегия құрамасы озды. Олар 5 алтын, 5 күміс және 3 қола медальды олжалады. Екін­ші орынды Швецияның биатлоншылары иеленді. Қоржынында 2 алтын, 2 қоласы бар Францияның спортшылары үшін­ші сатыға жайғасты. Сондай-ақ жүлде алғандар қатарында Германия (1 алтын, 2 күміс), Италия (1 алтын, 1 күміс, 2 қола) және Аустрия (1 қола) құрамалары бар.

Биылғы жарыста барлығы 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Чехияда Қа­зақ­станның туы астында Галина Виш­невская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрип­кина, Ольга Полторанина, Әсет Дүйсенов, Никита Акимов, Кирилл Бауэр және Александр Мухин сынды спортшылар өнер көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35