Пікір • 06 Наурыз, 2024

Жолды тарылту қисынсыз

91 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі күндері қала көшелерінде веложолдар салу жиі сөз болып жатыр. Сол үшін көшелердегі жолды тарылтып, онсыз да қысылып, қымтырылған көліктердің жолын қыса түспек. Оның үстіне самокат мінген жаяу жүргіншілер көбейе түскен. Оларға да жол керек, әрине. Бұл ретте онсыз да тар көшені тағы да қыса түсу қаншалықты қисынды?

Жолды тарылту қисынсыз

Фото: gov.kz

Осынау мәселеге Парламент депутаттары не дейді екен? Мұн­дай заңды қабылдап жі­бер­се, не болады? Ал бұған жеке кә­сіпкерлер әбден қар­сы тұруы мүм­кін. Себебі жекеше­лен­діріл­ген жерлерінен айырылады.

Жылдан-жылға көбейе түс­кен автокөліктер мегаполис кө­ше­леріне сыймай барады. Он­сыз да көлігін қайда қоя­рын білмей бас қатырып, ақы­лы автотұрақтар іздеп жүр­ген­дер жетерлік. Бұған қоса тар кө­ше­лерден орын таппай жүр­ген көліктер өз алдына, егер құт­қару техникалары, өрт сөн­діру, жедел жәрдем көрсету, су құ­быр­ларының жарылуы, жо­ғары вольтті кабельдерді қазып, жедел жөндеу, басқа да апаттық жағдайларда техника қалай өтпек?

Өткен жылдың желтоқса­нында Үкіметте өткен жиында жылжымайтын мүліктің бір­ыңғай мемлекеттік кадаст­ры­на қатысты комиссияның жұ­мы­сы талқыланды. Сонда біраз кемшіліктің беті ашылды. Онда бөлінген жер учаскелерінің айқын көрініс табуы, жер қо­рына қатысты барлық ақпаратты азаматтар еркін біліп отыруы керек екені айтылды. Сараптама талдауларының нәтижесінде әкімшіліктер тарапынан цифр­лық мәліметтер талапқа сай емесі анықталды.

Ал енді Алматыда қала жол­да­рын тарылту арқылы вело­жол­дар саламыз деген желеу­мен ұр­лықты заңдастыруға жол беру­ге бола ма? Егер бұл ұсы­ныс мақұлданса, депутат­тар тара­пынан ондай заң қабыл­да­нып кетсе, демек бұл бұрынғы заң­сыз­дықты жабудың жақсы амал­дары болмақ. Аудан, қала әкім­дері, жеке кәсіпкерлер үшін ондай заң­сыздыққа жол беруге бол­майды. Мұны тиіс­ті орындар тексеруге тиіс. Оған ин­вес­тор­лар да жол бере қой­мас. Өйт­­кені олардың қара­уын­дағы жер аумағы тарылып кетеді.

Онсыз да жаз бойы Алматы­дағы таспадай тартылған, еш кемшілігі жоқ, әп-әдемі кең даң­ғылдарды қайта қопа­рып, қыруар миллиард шығын­далып, кептелісті одан әрі кө­бейтіп, халықтың жүйкесін жұ­қартты емес пе? Әп-әдемі жиектастар ауыс­тырылып, тротуар­лар қира­тылып, қайта төселді ғой. Енді келіп көлік жүретін көшені тарылтса, не болады? Осының бәрі депутаттардың жіті назарында болуы керек деп ойлаймыз.

 

Саясат БЕЙІСБАЙ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы