ТАСС-тың жазуынша, қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
«Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл» ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр», делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.
ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.
Оқиға орнына мәскеулік Арнайы жедел әрекет ету отряды мен арнайы жасақ және өрт сөндірушілер шұғыл жетті.
Атыс кезінде музыканттар зардап шеккен жоқ.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады.