Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, өңірде 2021 жылы Индустриалдық аймақ құрылғаннан кейін оң динамика байқалды. Қала бюджетіне түскен салықтық аударымдар 4,5 есеге артты. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды және көлік құралдарын, автомобиль дөңгелектерін, полиэтилен құбырларын, тұрмыстық техника шығаратын бірқатар өндіріс орны ашылды.
«Саран қаласы айтарлықтай түрленді. Даму көрсеткіштері жоғарылады», деді О.Бектенов.
Ұлттық экономика министрлігінің жоспарына сәйкес, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін еліміздің бірнеше моноқаласында өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру көзделген. Сондай-ақ бүгінде Ақтөбе, Қарағанды және Атырау облыстарының әкімдіктері тиісті жобаларды жүзеге асырып жатыр.