Аймақтар • 17 Сәуір, 2024

Майқайың кенішіндегі апат: жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденді

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Майқайың кенішінде болған апатта жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Майқайың кенішіндегі апат: жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденді

Бұл іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. 4 қаңтарда "Майқайыңалтын" АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында "КӘАҚҚ" ЖШС қызметкерлері автобус тазарту кеңістігіне құлап, салдарынан екі адам қаза тауып, қалған екеуі хабар-ошарсыз жоғалған болатын.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 4 қаңтардағы бұйрығымен Еңбек кодексінің 188-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек қызметіне байланысты өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында комиссия құрылды.

Тергеу қорытындысы бойынша комиссия топтық жазатайым оқиғаны тергеу актісін жасап, оған жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі бары анықталды.

Алайда "Майқайыңалтын" АҚ жазатайым оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты.

Істі қарау кезінде сот тау-кен массасының кеңістікке құлауы салдарынан топтық жазатайым оқиғаның себептеріне мыналарды жатқызды:

1. "Майқайыңалтын" АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылауды тиісінше жүзеге асырмауы.

2. Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бұза отырып, блоктарды пысықтау кезінде опырылу процесін тиісті деңгейде бақыламау.

3. Талапкердің кен қазбаларын пысықтау кезінде қазба бірліктерін (блоктарын) жетілдіруге арналған жобалары болмаған (әзірленбеген).

Мән-жай сотта зерттелген тергеу материалдарымен, оның ішінде сараптамалар мен кіші комиссиялардың қорытындыларымен расталды.

Жазатайым оқиға жұмыс уақытында "КӘАҚҚ" ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде болған.

"Майқайыңалтын" АҚ жауапты тұлғаларының әрекеттерінен туындаған жазатайым оқиғаның себептерін негізге ала отырып, талапкердің 100 пайыз кінәсі бар деп танылды. Осыған байланысты сот Еңбек комитеті мен ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.