фото: instagram.com/bagdatmussin
Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
«Бағдат Мусинге Қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі - «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз», деп атап өтті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Еске сала кетейік, бір ай бұрын Бағдат Мусин Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған еді.