Аймақтар • 26 Маусым, 2024

Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 маусым күні сағат 19.20-да Меңлібай – Көктөбе қиын иінді аумағында 8 жабық вагон рельстен шығып кеткен еді. Салдарынан 10 бағыттағы пойыздардағы 492 жолаушы діттеген орнына уақытылы жете алмады, деп жазады Egemen.kz.

Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Фото: ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай болған аумақта пойыз қатынасы қалпына келтірілгенін хабарлады. 

«Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды», делінген хабарламада.