- Еске алсам, 20 жыл бұрын, 21 жасымда оқу бітіріп Астанаға келдім. Әкем жалғыз өзі бір комнаталық пәтерде тұрған еді. Сонда әкем: «қасыма кел, үлкен жобалар бар, бұл қалада жаңа серпін бар, қазір келіп жұмысқа іліксең жақсы болады», - деп өз өсиетін айтқан еді. Ол кезде өзім Алматыда веб-сайттар жасап бір İT-компанияда жұмыс істеп жүрген болатынмын.
Бірақ әке сөзін жерге тастамайын, бір жыл болсын жанына барайын деп бел будым. Содан бері елордамен бірге 20 жыл зымырап өтіпті. Бұл қала сол кезде келген жастардың көбіне жолдары ашылғанымен есте қалатын сияқты, - дейді экс-шенеунік.
Ол осы қалада сұлу жарын кездестіргенін атап өтеді. Бірінен соң бірі 5 балапаны дүниеге келген.
- Ірі жобалар болсын, жұмыс болсын қорықпай, білек сыбана атқардық. Қателері күндер де болды, жеңісті де жемісті күндер де болды. Жұмыс болған соң солай болады. Ешнәрсе істемейтіндер ғана қателеспейді.
Астанаға үміттеніп, арман қуып келген әрбір жанға, жас студенттерге, жас мамандарға Алла тағаладан бақ-береке тілеймін. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!
Кеңес: Әкелеріңізді тыңдасаңыздар жаман болмайсыздар, - деп жазды Бағдат Мусин.