Оның сөзінше, марқұмның артында екі баласы қалған.
- Арықтаймын деп ажал құшты. Алматылық 47 жастағы әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды, - деді журналист.
Көз жұмған әйел ұзақ жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болып шықты.
- 25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм "Ұлағатты ұстаз" деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай? - деді Гүлмира Әбіқай.
Бұған қатысты Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі түсінік берді.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы іс қозғады. Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деді Салтанат Әзірбек.