Білім • 15 Тамыз, 2024

Өңірлерде тамыз конференциясы басталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды. Негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде тамыз конференциясы басталды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ұстаздардың тамыз кеңесі биыл алғаш рет халықаралық саммит форматында өтеді. Бұл жолғы жиынға білім саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады. Осы жылы саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбына арналған.

«Өңірлік конференцияларда дәстүрлі пленарлық отырыстар, интерактивті параллельді сессиялармен қатар, «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылады және цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтеді», деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады деп жоспарланған. Оған онлайн режимде 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.