Пікір • 30 Тамыз, 2024

Омбудсмен институтының мәртебесі нығайды

102 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1995 жылы қабылданған ел Конституциясы мемлекеттік құрылымның негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ әділеттілік қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат болып қала береді. Өзінің бүкіл тарихында Конституция бірнеше реформалау кезеңін бастан өткерді, олардың әрқайсысы заңдылықты нығайтуға, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Омбудсмен институтының мәртебесі нығайды

Еліміздің Негізгі заңына өзекті өзгерістер енгізілген 2022 жылғы конституциялық реформаның маңызы ерекше. Бұл реформа мемлекеттік институттарды жаңғыртып, Парламенттің рөлін күшейтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталды. Бұл қайта құрулар еліміздің саяси өміріне оң әсерін тигізіп, демократия мен құқықтық тәртіпті нығайтуға ұмтылысын көрсетті.

Реформа аясындағы маңызды қадам Омбудсмен институтының конституциялық мәртебесін нығайту болды. Бұл институт алғаш рет 2017 жылғы реформа кезінде Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Президенттің ұсынуымен бес жыл мерзімге Парламент Сенаты сайлауды көздеді. Де­генмен 2022 жылғы реформа Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл институтының мәртебесін айтар­лықтай арттырды.

Енді Омбудсменнің құқықтық мәртебесі Конституцияның жеке 83-1-бабында бекітілген, оның тәуелсіздігі мен мем­ле­кеттік органдар мен лауазым­ды тұлғалардың алдында есеп бермеуі айқындалған. Адам Құқықтары жөніндегі уәкіл­дің бас прокурормен бір­ге азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Конс­титуциялық сотқа тікелей жүгі­ну құқығы – маңызды жаңалық. Бұл шешім елімізде адам құ­қықтарын қорғау инс­титутын нығайтуға байыпты көзқарасты көрсетеді.

Заң сондай-ақ Адам құқық­тары жөніндегі уәкілдің қыз­метін ұйымдастыруды айқын­дайды. Бұл осы мекеме жұмы­сы­­ның нақты ережелері мен қағидаттарын белгілеуге, оның ха­лықаралық стандарттар мен тә­жірибелерге сәйкестігіне кепілдік береді.

Жүргізілген конституциялық реформалар құқықтық мем­лекетті дамытуда шешуші рөл ат­қарады. Олар адам құқық­тарын қорғау жүйесін нығайтуға кө­мек­тесіп қана қоймай, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қаты­суына жағдай жасайды, бұл өз кезегінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау с­тандарттарын арттырады. Атал­ған өзгерістер еліміздің про­грессивті дамуға деген ұм­ты­лысын айқындайды және оның адам құқықтары мен сот тө­релігі саласындағы жоғары ха­лықаралық стандарттарға сай бо­луын көрсетеді.

 

Артур ЛАСТАЕВ,

Қазақстан Республикасындағы  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл