Білім • 17 Қыркүйек, 2024

Қазақстандағы эндаумент: Жоғары білім беру саласындағы баламалы жолдар

105 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстанның білім беру жүйесі көп уақыттан бері даму үстінде. Бұл салада инновациялардың бір бөлігі жүзеге асқанымен кейбірі сәтсіз эксперименттерге айналды. Бұл даму мен өзін-өзі басқаруда толық апатияға алып келді, нәтижесінде – отандық оқу орындарының бәсекеге қабілетсіздігіне әкелді.

Қазақстандағы эндаумент: Жоғары білім беру саласындағы баламалы жолдар

Жол табу

Отандық білім беру жүйесі біртіндеп жаңа даму бағытына шығып, білім экономикасы атты жаңа сала негізін қалыптастырып келеді. Бұл болашақта ұлттық өндірістерді жаңа кадрлармен және технологиялармен қамтамасыз етеді. Реформа авторларының ойынша, оның негізі заманауи зерттеу университеттері болуы керек, олар жаһандық білім және инновациялар экожүйесіне кіріп, қолданыстағы құрылымды түбегейлі қайта құрады, оған тұрақтылық, сенімділік және бедел қосады.

Бір жағынан, мемлекеттің қабылдаған бағыты дұрыс және баламасыз екені анық. Бұл бағытты АҚШ, кейбір еуропалық және азиялық елдер өткен. Екінші жағынан, мемлекеттің білім нарығындағы негізгі ойыншы болып тұрған жағдайында осы салада түбегейлі өзгерістер жасау мүмкін емес болып көрінеді, және білім экономикасы саласының қалыптасуы келесі бір ауқымды, бірақ жүзеге аспайтын концепцияға айналуы мүмкін. Жүзеге асырылып жатқан реформалар жалған болып қалмас үшін, олар сенімді, тұрақты және ең бастысы, болжамды қаржыландыру көздерінің болғанын талап етеді.

Мемлекеттік қаржыландыруға балама ретінде, жалпы әлемдік білім беру практикасы көрсеткендей, жеке университеттік эндаумент қоры – демеушілік қаражаттан құралған мақсатты капитал қорлары бола алады. Олардың негізгі мақсаты – түсіп жатқан қаражатты жұмсамау, керісінше жинақтап, тұрақты және табысты қаржылық құралдарға инвестициялау, ал алынған табысты білім беру бағдарламаларын қаржыландыруға бағыттау. Негізінен, бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, оның тарихы орта ғасырлардан бастау алады.

кор

Оның механизмі өте қарапайым: оқу орны демеушілерден түсетін қаражаттар үшін эндаумент-қор ұйымдастырады. Қорға түскен қаражаттар бағалы қағаздарға, акцияларға, облигацияларға инвестицияланады, бұл инвестициялар табыс әкеледі. Алынған табыс ғылыми зерттеулерге, құрал-жабдықтарды жаңартуға, жоғары деңгейдегі мамандарды тартуға бағытталады. Сондай-ақ, университет эндаумент қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарына да пайдалана алады – болашағы зор студенттер өздерінің қаржылық жағдайына қарамастан сапалы білім ала алады. Реттелген қаржылық ағын білім беру ұйымына өзінің дамуына инвестиция жасауға мүмкіндік береді, ал дағдарыс жағдайында жағымсыз жәйттерден құтылуға септігін тигізеді.

Халықаралық сарапшылар клубының мүшесі Юлия Пивоварованың пікірінше, баламалы жолды іздеу арқыды Қазақстанның орта және жоғары білім жүйесіне елеулі оң әсерін тигізуге болады.

-Қазақстанда жоғары оқу орындарының автономиясы туралы заң қабылданып қойды. Парламентке эндаумент-қорлар туралы заң жобасы ұсынылды. Алайда заңды өзгерту жеткіліксіз, білім беру менталитетін өзгерту керек, оқу орындарының басшылығы барлық жауапкершілікті өз мойнына алуы қажет. Жоспарлар құрып, өздерінің даму стратегияларын жасау керек. Университеттер тәуелсіз болуы тиіс, олар дамып, халықаралық деңгейге шығуы керек. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілетті болу, қазіргі әлемде бағдарлану, сұранысты талдау, болашақты жоспарлау қажет, – дейді Пивоварова.

Ол қазіргі уақытта білім беру орындарын қаржыландырудың форматы «қолдау көрсету» принципіне негізделген деп сенеді. Алайда, университеттер жанында мақсатты капитал қорлары – эндаумент-қорлары мен қамқоршылық кеңестерін құру тығырықтан шығудың жолы болуы мүмкін.

Сәтті іске асыру

Эндаумент-қорларының көмегімен тек жоғары білімнің ғана емес, орта білімнің де сапасын жақсартуға болады, ғылыми әлеуетті кеңейтіп, университетаралық ынтымақтастық перспективаларын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен ғылыми ой-пікірлерді тартуға және ең перспективалы жобаларды әзірлеуге жол ашады. Қазіргі уақытта бұл нанотехнологиялар, ғарыш саласы, фармацевтика, жоғары технологиялық медициналық әзірлемелер. Осы бағыттар әлемде ең сұранысқа ие болып отыр, ал ірі компаниялар оларды қолдауға және үлкен қаражат салуға дайын. Сарапшылар алынған капиталдарды эндаумент-қорларында табыс ретінде пайдалануға болатынына сенімді.

Қаржы аналитигі Данияр Күмпеков эндаумент-қорларын құру және дамыту үшін құқықтық және институционалдық шектеулердің болуын осы институт үшін маңызды қиындықтардың бірі деп есептейді.

-Бұл фактор біздің елде осындай тәжірибенің кең таралмағанын түсіндіреді. Отандық білім беру мен ғылымды дамыту үшін тұрақты қаржылық негіз құру қажеттілігі айқын. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың ескі механизмі жүйені тығырыққа тіреп тастады. Университеттер академиялық тәуелсіздікті тек қағаз жүзінде ғана иеленеді, – деп санайды Данияр Күмпеков.

Экономистің айтуынша, мемлекет білім беру экожүйесін «жаңа бағытқа» көшіруге мүдделу болуы тиіс.

– Негізінде, үкімет мәселені түсініп отыр. Профильді министрліктің ішінде мақсатты капитал қорлары туралы заң жобасы дайын. Университеттерді тұрақты қаржыландыру үшін бес университетте эндаумент-қорларды ашу жөнінде жол картасы да әзірленгенін білемін. Пилоттық жоба биыл іске қосылуы мүмкін. Жобаның мақсаты – университеттерді жабдықтауға және кадрларды тартуға жеке инвестицияларды 75%-ға дейін жеткізу. Бірақ менің пікірімше, бұл шаралар жеткіліксіз, – дейді Күмпеков.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда эндаумент жүйесін дамытудағы ең тиімді әдіс – салықтық ынталандыру болады. Қазақстандық инновацияларды әзірлеу мен енгізуге арналған қайырымдылықтар тиімді болуы керек, ал инвестиция тарту механизмі түсінікті әрі ашық болуы қажет.

– Қазақстанда бүгінгі күні шамамен жиырма мақсатты капитал қоры тіркелген. Үлкен университеттерде табысты жұмыс істеп тұрған эндаумент-қорлары бар – ең табысты білім беру қоры НУ және НИШ. Айта кетерлігі, ол батыс стандарттарына сай жұмыс істейді, сондықтан оның қамқорлығындағы жобалар – НУ университеті және НИШ мектептері – білім беру саласындағы жетекші орындарға ие. Бұл оқу орындарының түлектері сұранысқа ие. Алайда, осындай ұйымдар заңнамалық олқылықтар мен кемшіліктерден зардап шегеді, олар инвестиция тарту мүмкіндіктерін шектейді. Олар қаржылық құралдардың шектеулі жиынтығына ие. Дегенмен, соңғы екі жылда НУ және НИШ қоры ғылыми орталықтарды құруға қаржы бөлді: National Laboratory Astana, Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты, Орталықазиялық зерттеу орталығы білім беру, инновациялар және трансформация, Энергетикалық ғарыштық зертхана, – деп есептейді Күмпеков.

Қазақстанның көптеген мәселелерге тап болған білім беру жүйесі үшін, яғни мұғалімдердің жалақысының төмендігі, жатақханалардың жоқтығы, осының барлығын ескерсек, эндаумент-қорларын дамыту әлеуметтік дағдарыстан шығудың жолы болады және қоғамдық игіліктер жүйесіндегі сапалы және қолжетімді білім беруде бұл қорлар жаңа мүмкіндіктердің көзіне айналады.