Қоғам • 15 Қазан, 2024

Көрнекті заңгер Болат Сембин дүниеден өтті

818 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті заңгер, педагог, Maqsut Narikbayev University Директорлар кеңесінің Төрағасы және құрметті ректоры Болат Ажақайұлы Сембин дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz.

Көрнекті заңгер Болат Сембин дүниеден өтті

Фото: Maqsut Narikbayev University

Болат Сембин Жамбыл облысы, Байқадам ауылында дүниеге келген. 1969 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің Заң факультетін тәмамдаған.

Ол еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары сияқты жоғары лауазымдарды да атқарған.

2000 жылдан бастап Б.Сембин Maqsut Narikbayev University-де прокурорлық қадағалау және қылмыстық сот төрелігі бойынша дәрістер оқып, тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісті.

Сондай-ақ, ол Maqsut Narikbayev University Директорлар кеңесіне төрағалық етумен қатар, ғылыми және педагогикалық қызметін де жоғары деңгейде үйлестіре білген. Б.Сембин «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі туралы» заңдарды әзірлеуге белсене атсалысқан.

«Мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі үшін Болат Ажақайұлы «Құрмет» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Прокуратурасының Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі» атағымен, Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының жоғары білімінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, «10 жыл Астана» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Ғылым және білім министрлігінің ғылымды дамытудағы еңбегі үшін төс белгісін иеленген. Туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақпыз», делінген Maqsut Narikbayev University-ті таратқан хабарламада.