Оқиға • 12 Қараша, 2024

Көкібелдің бел баласы

186 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Майбұлақ өңірі ежелден қырмызы қызғалдағымен, жауқазын жайнаған дархан  даласымен көздің жауын алады. Әсіресе сәуір-мамыр айларында қойы қоздап, сиыры бұзаулап, жылқысы құлындаған  шақтағы қызығы өз алдына бөлек.  Мамыр-маусым айларында таңмен таласа биікке көтерілген бозторғайлар мен ақбауыр торғайлар тамылжыта түрлі әуенге салып сайрағанда аядай ғана Майбұлақ ауылының тіршілігі басталады. Ол кезде Майбұлақта  30-40 қана тұрғын тұратын. Бәрі бір ағайынның балаларындай ынтымақты еді.

Көкібелдің бел баласы

Осы аядай Майбұлақ ауылында тұп тура 97 жыл бұрын қарапайым шаруа Әзімбаев ГауҺардың жанұясында өмірге Хамит атты торсықтай ұл келді.  Сәбиді Тилля апамыз бауырына басты.  Хамит 14 жасында әкеден айырылып, бар отбасылық тауқыметті өзі көтерді. 1937 жылы, Майбұлақ бастауыш мектебінің 7 сыныбын бітірді. 1943 жылы Қаратас ауданы, Жұма ауылдық советіне қарасты, Майбұлақ ауылына келіп жұмыс істеді. 1944 жылы Шымкент қаласында 2 жылдық мұғалімдер даярлайтын учелищеге түсіп, 1946 жылы мұғалім мамандығын алды. 1946-1949 жылдары Жаңаталап мектебінде мұғалім болып еңбек етті. 1949-1951 жылдары, Мәскеудегі Марксизм – Ленинизм институтының сырттай бөлімін бітірді. 1949 жылы КПСС мүшесіне қабылданды.1948-1949 жылдары аудандық Комсомол комитетінің секретары болды. 1950 жылы «Коммунизм жолы» аудандық газетінде жауапты хатшы, 1951-1952 жылдары аудандық партия комитетінің инструкторы,1952-1959 жылдары аудандық «Коммунизм жолы» газетінің редакторы қызметтерін атқарды. 1959-1961 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімін басқарған, іскер азамат. «Күйік» совхозын «Оңтүстік Қазақ» миронос қойын өсіретін асыл тұқымды қой совхозына айналдырудағы еңбегі зор. Осы бағытта профессор, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы А.Пешков және профессор А.Цой сияқты ғалымдармен қоян қолтық еңбек етті.

«Елім дейтін ер болмаса, жерім дейтін ері қайдан болсын» деп алаштың зиялысы М.Жұмабаев айтқандай ел дегенде еңсесін көтеріп, жан тәнімен еңбек ете білген  Хамит ағаға жерлестері «Көкібелдің бел баласы» деген атау берген.

Айналасына мейірімі мен шуағын шашып, үлкен жылы жүрегінің жылуымен жылыта білетін Хамит аға бүгінде өмірде жоқ. Оның тек ұрпақтары қалған. Сол ұрпақтарының қалауы әкелерінің атына ауданнан бір көшенің аты берілсе дейді.

Сол кездегі Қаратас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Ахметовтың естелігінде кейіпкеріміз туралы былай деп жазылған:

«Жолдас  Хамит Гауһаров  терең білімді, әрі істің көзін таба білетін, өзіне де басқа адамдарға да талап қоя білетін азамат. Партиялас жолдастарының алдында  білімді, әріптестеріне өте сыйлы болатын. Жолдас Гауһаров Хамит үнемі  саяси білімін жетілдіріп, партияның жиналыстарында,  конференциясында қай тақырыпқа болмасын, өте сауатты баяндама жасайтын. Саяси және шаруашылықты жақсы басқаратын».                                                         

Ұлы Гауһаров Төлеген Хамитұлының естелігінен:

 «Әкеміз  Хамит Гауһаровтың есімі кейінгі ұрпақтың ардақтауына, құрметпен еске алуына әбден лайықты деп ойлаймын. 2016 жылы Майбұлақ жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні кабинетіне әкеміздің есімі берілді. Атам Гауһар мен әкемнің інісі Шаадат екеуі бірінен соң бірі соғысқа аттанып, екеуі де хабар ошарсыз кетті. Шаадат атамыз ұшқыш болыпты, оның ізін жалғастырушы менің ұлым Айдар Хамитов Ақтөбе қаласындағы Әуе, қорғаныс - күштер әскери институтын үздік бітірді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында әскери бөлімінде ұшқыш инженер болып қызмет етуде. Аудан орталығынан бір көшеге  Хамит Гауһаровтың есімі берілсе жөн болар еді».

Майбұлақ ауылының тұрғыны Нарымбетовтың пән кабинетінің лентасын қию кезіндегі  Хамит Гауһаров туралы естелігінен:

« Хамит Гауһаров 1939 жылы осы ауылға келіп 1942 жылы аудан орталығындағы В.И.Ленин атындағы орта мектептің 10 сыныбын мерзімінен бұрын тәмәмдаған еді. «Энгельс» атындағы мектепте тарих, география пәнінен сабақ берген. Кейін аудандық комсомол, партия коммитетінде түрлі салада еңбек етіп, аудандық газетте редактор болды. Ленгір ауданынан, біздің (Ленин) қазіргі Қазығұрт ауданын бөліп алуға ат салысты, өте іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол еді. Осы Хамит Гауһаровтың арқасында Ленин ауданы ұйымдастырылып, Қызылтаң, Энгельс, Ленин колхоздарын, Сарыағаш ауданынан бөліп алды. Бүгін мектепте сынып кабинетіне есімі берілді, енді аудан орталығынан бір көшеге  есімі берілсе екен».    

Зейнеткер қажы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, жерлесі Тастанбек Бердіқұловтың пікірі.

«Хамит Гауһаров өте сымбатты,таза киініп,  түзу жүретін еді. Ол кезде мен оқушы едім. Осы Хамит ағайға қарап бой түзедік. Сол сияқты ұстаз болсақ дейтінбіз. Кейін арман қуалап Ташкент қаласындағы Низами атындағы педагогикалық институтының физика – математика факультетінде оқыдым. Бізге биология және география пәнінен сабақ берген еді. Кейіннен аудандық комсомол партия коммитетінде жұмыс істеді. Хамит аға «Тың жерді игергені үшін», Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы еңбегі үшін» сияқты медалдардың иесі, партия ардагері. Өкінішке орай, 40 жасында дүниеден өтті.  Аудан орталығынан бір көшеге есімін берсе, өзі туып өскен ауылына бюст-ескерткішін орнатса жақсы болар еді. Аудан орталығындағы «Отан үшін от кешкендер» саябағында әкесі Гауһар мен інісі Шаадаттың есімдері тасқа қашалып жазылып тұр».