Қоғам • 30 Қараша, 2024

Алаш арыстарының академиялық мұрасы

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаев мұрасына арналған «Алаш мұраты – түркі бірлігі» атты іс-шара ұйымдастырылып, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындап, халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген қос арыстың академиялық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.

Алаш арыстарының академиялық мұрасы

Мәртебелі басқосуға Түркі академиясының прези-денті Шаһин Мұстафаев, Әде­­­биет және өнер институты бас дирек­­торының орынбасары Эльмира Омарова, сенатор Дархан Қыдырәлі, Серік Негимов, Әділ Ахметов, Сауытбек Абдрахманов сынды зиялы қауым өкіл­дері қатысты.

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Шаһин Мұстафаев мырза іс-шараның маңызына тоқталып, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың түркі әлеміне сіңірген еңбегін атап өтті.

«Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы және әліпби реформаторы ретінде түркі дүниесінің рухани дамуына баға жетпес үлес қос­ты. Оның ортақ түркі терминологиясы мен әдеби тілді қалыптастыру туралы идея­лары бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ал Мағжан Жұмабаев өзінің шы­ғармашылығымен түркілік сананы оятып, түркі әлемінің бірлігін дәріптеген ұлы тұлға. Оның «Алыстағы бауырыма» сияқты өлеңдері – бауырлас халықтар ынты­мағының жар­қын үлгісі», деді халық­аралық Түркі академиясының басшысы.

Сонымен қатар Шаһин Мұста­фаев Алаш қайраткерлері көре­гендікпен сенген Түркістан идея­сы­ның тәуелсіз түркі мемлекет­терінің интеграциясы дәуірінде де өз маңызын сақтап отырғанын атап өтті. Ол биыл қыркүйек айында қабылданған Ортақ түркі әліп­биін Ахмет Байтұрсынұлы мен түркі әлемінің басқа да ұлы ағар­тушыларының асыл мұраттарының орындалуы ретінде бағалап, мәртебе санайтынын жеткізді.

Түркі академиясының бас болуымен, «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы түркі ағартушылығы: зия­лылардың өмірі мен идеялары» жобасы аясында ұлттың өркендеуіне қызмет еткен ойшылдардың өмір­баяндары мен идея­лары жинақ­талып жатыр. Атап айтсақ, келесі жылы Шоқан Уәли­хановтың 190 жыл­дығына орай оның таңдау­лы еңбек­терін аударып, түрік оқыр­ман­дарына ұсынуды жоспарлап отырған көрінеді. Тағы бірі – «Түркі әле­мінің тұғыр­лы тұлғалары» атты жоба. «Бұл жоба­ның маңыздылығы, жас ұр­пақ­ты ортақ құндылықтарды құрмет­теу­ге тәр­биелеу», дейді атқарушы тарап.

Іс-шара соңында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өкілі мекеме атынан Түркі академиясының президентіне алғыс хат табыстап, ұлы тұлғалар мұрасын зерттеуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар