Оқиға • Бүгін, 11:10

Астана вокзалына белгісіз біреу балаcын әдейі қалдырып кеткен

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада вокзал маңында кішкентай бала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астана вокзалына белгісіз біреу балаcын әдейі қалдырып кеткен

фото: ЖИ көмегімен жасалды

WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында «Баладан бас тартамын» деген жазба бар екені айтылған.

Көлік департаменті вокзалда қараусыз қалған бала табылғаны туралы деректі растады. Сонымен қатар, полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.

«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.