Әлем • 06 Ақпан, 2025

Жынысын ауыстырғандар жарысқа қатыса алмайды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлердің әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатыса алмайтындығы туралы  жарлыққа қол қойды. «Әйелдер спортына еркектерді қытыстырмау» атты құжат Ақ үйдің ресми сайтына жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жынысын ауыстырғандар жарысқа қатыса алмайды

Фото: Leah Millis

«Бұдан былай әйелдер спорты әйелдерге ғана арналады. Әйелдер спортына қарсы қақтығыс осымен тәмам», деді Америка президенті Жарлыққа қол қою сәтінде. Сондай-ақ Трамп бұл құжаттың төл мәдениетті қалпына келтіруге бағытталған ауқымды әрекеттің бір бөлігі екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Дональд Трамп жынысын ауыстырған еркектерді әйелдер спортынан аластатуға уәде берген еді.

Сонымен қатар ол «трансгендерлік ақылсыздық» тұжырымдамасын желеу ететін мектептерге федералды қаржыландыруды қысқартуға келісімін берді.

Ал қаңтарда Ақ үйдің басшысы АҚШ-та 19 жасқа толмаған адамдардың жынысын өзгерту операцияларына тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Дональд Трамп өзінің Жарлығымен трансгендерлерге АҚШ армиясында қызмет етуге тыйым салды.