Оқиға • 10 Ақпан, 2025

Қостанайда мұғалімдерге тиесілі қомақты қаржы төленбеген

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық прокуратура мұғалімдерге зейнет жасына жеткенде берілетін кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбегенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда мұғалімдерге тиесілі қомақты қаржы төленбеген

Фото: Egemen.kz| Ерлан Омар

Жұмыстан босату туралы бұйрықтарда зейнет жасына толуына байланысты шарттың бұзылғаны көрсетілмеген, еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің өтініші бойынша бұзылған.

«Құқығы бұзылған 350 қызметкер анықталды. Оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтерге іссапар шығындарын төлемеген. 1,8 мыңнан астам мұғалім тиесілі 185 млн қаржыны алмаған», делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратураның араласуымен 405 мұғалімнің құқығы қорғалып, 60 миллион теңге өтелген.  Құзырлы орган өзге мұғалімдерге төлем жуық арада жасалатынын ескертті.