
Фотолар: Астана қаласының Білім басқармасының баспасөз қызметі
Оған қатысқан Астананың Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Айгүл Тұрғанбайқызы 2 алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның байрағын желбіретті.
20-ға жуық елден келген әйелдер арасынан суырылып шыққан 54 жастағы ұстаз 100 кг ауыр зілтемірді көтеріп рекордтық көрсеткішті бағындырды.
Айгүл Тұрғанбайқызы ауыр атлетикамен айналысуды бір жарым жыл бұрын ғана бастапты және бұған дейін де бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.
«Мені бастапқыда барлығы қытайлық деп ойлады. Алайда, рекордық көрсеткіш көрсеткенімде Қазақстаннан келгенімді біліп қошемет білдірді. Адам өзінің жаңа қырларын кез келген жаста аша алады», дейді ол.
Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған Айгүл Тұрғанбайқызы алдағы уақытта Африкада өтетін жарысқа қатыспақшы.