
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Ал ауыл мұғалімдеріне 16 сағат үшін 435 мың теңге төленеді.
Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздегі педагогтердің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс жасайды. Олар айына орташа есеппен 581 мың теңге жалақы алып отыр.
«Қазақстан білім беру ісіндегі жетістіктері, олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны және мемлекеттік наградаға ие болғаны үшін ақшалай сыйақымен марапаттауды үрдіске айналдырған санаулы елдердің бірі. 2023 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйақының лауреаты атанды, сыйақы көлемі 3,6 млн теңгені (1000 АЕК) құрады. Марапатталушылардың арасында – Еңбек ерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары бар», делінген министрлік хабарламасында.
Осылайша, кейінгі бес жылда Қазақстан айлық жалақының өсуін ғана емес, үстемеақы төлеу және ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету арқылы педагогтердің мәртебесі мен қаржылық әлеуетін көтеру бағытында маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді.