Оқиға • 02 Сәуір, 2025

Енді қазақстандық жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз

1363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде 1 сәуірден бастап күшіне енген «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстандық және басқа да шетелдік жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз болып есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді қазақстандық жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз

Фото: Ашық дереккөз

Бұл өзгерістерге сәйкес, Ресейде тұратын немесе Ресей азаматтығын алған шетелдіктер осы елдің жүргізуші куәлігін алуға міндетті.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Ресейде өз елінің жүргізуші куәлігімен көлік жүргізген жағдайда заң бұзушылық жасаған болып саналады. Оларға 15 мың рубль (шамамен 90 мың теңге) айыппұл салынады.

Бұған дейін Ресейде шетелдік жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін емтихан тапсыру талап етілмеген еді.