06 Шілде, 2010

АҚ ТІЛЕК

861 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Шын жүректен шыққан сөз Аса құрметті Президентіміз Нұр­­сұлтан Әбішұлының тағды­рына мүлде жаңа қоғам құру, өте бір қиын, өліара шақта ел тізгі­нін ұстау бұйырыпты. Бұл сан қырлы, көп қатпарлы, өте қиын шаруа. Әр­­бір түп-тұқияны мен келеше­гіне дейін мұқият ойлас­тырып жүр­гізетін іс. Біз Елбасы саяса­ты­ның көзге көрінер, көп­шілік тұтынар бөлігін ғана айта аламыз. Ол кі­сінің алып жүрегі, қазақ дала­сын­дай кең пейілі мен жан дүниесі, қайсар қазақы ру­хы, дариядай терең білімі ел үшін өлшеусіз қа­зына екенін түсі­ніп, оның ар жа­ғында ұйқы­сыз түндер, мазасыз ой­лар, ты­ным­сыз еңбек тұрғанын, пен­­дешілік жасамай, бағалайықшы. Нұрсұлтан Әбішұлының бол­мысында жарыққа, жаңалыққа құштарлық бар. Болған мемле­кет­теріндегі жақсы дүниелерді бізге әкелуді мақсат етеді. Сон­дықтан да сайын сахара төсінде, ашық аспан астында Астанадай мұражай қаланы өмірге әкелді. “Мұражай қала” дегеніміздің сыры – Астана қаласын көрген әрбір жан таң­да­нып, таңдай қағады. Бейне қолдан соғылған емес, небір ғажайып ғи­мараттар әдемі ертегілерден түсіп, орнай қалғандай. Бұл, сөз жоқ, Елбасының ұлы туындысы. Елорда еркіндікке кенелген елдің ұлттық құдірет күшін әлемге паш етті. Астананың ең басты тә­лімі – ұлтының төрден, ұла­ны­ның өрден көрінетін әлеуетіне сендірді. Елорда – ұлтымыздың қаны мен жанында, рухы мен текті­лігінде бар бауырмашылдығын танытып, әлемге қазақты табыс­тырды, таныстырды. Елорда осы жылдары сәтті жүзеге асырылған архитектуралық шешімдер арқы­лы Батыспен бауырласып, Шы­ғыс­пен тамырласып үлгерді. Қазақ Елінің Еуропа өркениетін талғаммен та­ни алатынын, Шы­ғыстың шұғы­лалы шыңынан көріне алатынын және оларды байырғы түркі мә­де­ниетіне тән сырбаздықпен байыта алатынын дәлелдеп, сол арқылы жаһанды жарасымдыққа шақыр­ған сим­вол сипатына ие болды. Президенттің “Астана аза­мат­тарымен асқақтайды” деген сөзі Әбу Насыр әл-Фараби баба­мыздың: “Мәртебесі, рухы биік шаһар – адамдары бір-біріне жақсылық жасауға құштар, өзде­рінің тамаша қадір-қасиеттерін бағалап қабылдауға өзге де жұрт­тарды ынтызар ететін қала” дегенімен үндесіп тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы асқан кө­­­регендікпен өтпелі кезеңнің қиын күндерінде жастарды оқытуды мем­лекеттің басымды шара­ла­ры­ның бірі деп түсінді. Ешкімнің ойында жоқ кезде егемендікке қол жетісімен бір жылдан соң “Бо­лашақ” бағдар­ла­масы басталды. Экономика­лық байланыстар үзіліп, кәсіп­орындар тоқтап тұрған кезде, ел айлап жалақы ала алмай жүр­генде, әрқайсысына қыруар қар­жы төлеп, дамыған елдердің озық технологиясын меңгеріп, ел­ге әкелсін деген мақсатпен 250 адам­­ды дүниедегі белгілі уни­вер­ситеттерге жіберді. 1996 жылғы 24 мамырда №3002 “Да­рынды бала­лар­ға арналған мек­тептерді да­мыту және мемлекет­тік қолдау көр­сету” туралы Қа­зақстан Рес­пуб­ликасы Президен­тінің Өкімі шығып, ал­ғашқы рет дарынды балалар слеті өтті. Со­дан бері ол жақсы дәстүрге ай­налды. Ал республика Үкіметінің 1998 жылғы қаулысымен “Да­рын” республи­ка­лық ғылыми-прак­ти­калық орта­лығы құрылды. Бұл сол кезде көр­ші елдердің ешқайсы­сында болған жоқ-тын. Қазір бар­лық облыс­тарда дарын­ды балалар мектеп­тері, 5 интел­лектуалды мектеп бар, олардың саны биыл тағы өседі. Міне, бүгін Астанадай ай­жүз­ді сұлу қалада халықаралық дең­гейге шығуға мүмкіншілігі бар жа­ңа университет ашылды. Ол ұлт­тық бренд ретінде әлем мойын­дайтын жаңа мазмұнды уни­вер­ситет болмақ. Универ­ситет – қай халықтың да да­муына елеулі үлес қосатын мәр­те­белі білім ордасы. Қазір ағыл­шын тілінің халық­ара­лық тіл болып тұрғанына Окс­форд университетінің, немесе осыдан бірнеше ғасыр бұрын-ақ фран­цуз­дардың классикалық әдебие­тінің жоғары деңгейде да­муына Сорбонна университетінің әсері болмады деп кім айта алады. Экономиканы дамытудың ин­новациялық бағдарлама­ла­рының жүзеге асуына, өркениет жетіс­тік­терін елге әкелуге, білім жүйесінде бәсекеге түсе алатын, ең бастысы, ұлт сапасына қыз­мет ететін бірегей оқу орны ашыл­ды деп бір-бірі­міз­ден сүйін­ші сұрап, құтты болсын ай­тып, жақсылыққа қуана білейік. “Құт қуана білгенге, бақ бағалай білгенге қонады” екен ғой. Кезінде ұлы педагог Ыбы­рай ата­мыз: “Мен мектеп ашу­ға, бала­ларды оқытуға аш қас­қырдай кі­рістім”, – деген екен. Бүгінгі жас­тардың Ұлы Ұстазы Нұрсұлтан Әбіш­ұлының білім саласына аста-төк ықыла­сынан халқының мәң­гілігін ойлау осындай-ақ болар дейсің. Ел Тәуелсіздігінің бағы мен баянын терең ойланып, қария­сын қадірлеп, жастарға бағыт нұсқап, қаншама іс атқарды. Ежелгі Білге қаған бабамыздай “Аз халықты көп ету, аш халық­ты тоқ ету, ақыл-парасатпен, біліммен бас­ты­ны бағындыру, тізеліні бүктіруді”, мақсат етті. Мен Елбасының тіпті алып ел­дердің басшыларымен өзін тең ұстауын – халқының мерейін биіктетуі деп түсінемін. Араб елін­де атына көше беріп, түрік ағай­ын­дар ескерткіш қойып, Қазақ­стан әлем назарында, әлем ау­зын­да болуын, Еуропа­да­ғы қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымына төрағалық етуін қазақтың жұл­дызды сәті деп қабылдаймын. Тәуелсіздігін алғанына тарих үшін қас-қағым ғана уақыт болған елдің бүгін осы биікке шығуы – Елбасының қазақ елін ғана емес, әлем жұртын білім-білігімен, па­ра­сатымен, мақсат­қа берік, әрі шешендігімен, адал сүт емген ақ­пейіл ниетімен тәнті ете алған­дығының белгісі. Әлем журнал­ис­тері “Сіздің ар­ма­ныңыз не?” деп сұрап жата­ды. Ел Көсемінің жа­уабы қа­шанда біреу ғана: “Елі­міз­дегі сүт­тей ұйыған тыныштық, ха­лық­тың ынтымақ-бірлігі, бейбіт өмір, сол арқылы Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу”. Барлық ісінің берекелі бола­тынына елі сенеді. Елі сен­ген Ел­басы, шын мәнінде, ба­қытты жан. Мен біздің ұжым­ның, Үлкен кісінің ерекше қам­қорлығында жүрген мыңдаған қыздарымның атынан: “Аса құрметті Нұр-аға, Сізді шын жү­ректен, ақ ниетпен сүйікті Елор­дамыздың күнімен құт­тық­таймын! Қасиетті жеті са­нымен келген мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Алланың шапаға­тына бөленіп, әлем мойындаған қадірлі басыңыздан бақ кетпе­сін! Сізге Тәңірден ішкі қуа­тыңыз­дың жыл сайынғы көк­темде табиғат-дүниедей жаңа­рып, жаңа өркен, жаңа күшпен жасай беруін тілей­мін! Ел үшін жасаған жақсы­лық­та­рыңыз бен ізгі істеріңіздің қай­тарымы мол болсын”, – деймін. Шәмша БЕРКІМБАЕВА.