Аймақтар • Бүгін, 10:04

Батыс Қазақстан облысында 63 ауыл жарықсыз қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының көп жерінде қатты жел соғып, боран күшейді. Осының салдарынан өңірде 5 ауданда 63 елдімекен тұрғындары жарықсыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында 63 ауыл жарықсыз қалды

Атап айтқанда Жәнібек ауданында – 12 ауыл, Бөкейорда ауданында – 18 елдімекен, Тасқала ауданында – 8 ауыл, Қазталов ауданында – 16 ауыл, Бәйтерек ауданында – 9 елдімекен және Орал қаласының кей аудандары электр қуатынсыз қалған. 14 желтоқсан күні сағат 15:00-де 16 мың абонент жарықсыз отырғаны тіркелген.

Оқыс оқиға қалыптасқалы бері Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев энергетика саласына жауапты органдардың қатысуымен жиналыс өткізіп, ахуалды жеке бақылауына алғаны хабарланды. Облыс әкімі өңірлік электр желілері ұйымдарына, төтенше жағдайлар қызметтеріне және жергілікті атқарушы органдарға электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берген. Қазір облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы халықты қажетті игіліктермен үздіксіз қамтамасыз ету үшін күшейтілген режімде қызмет етіп жатыр.

Қазіргі ақпаратқа қарағанда, облыс бойынша газбен қамту ісінде іркіліс жоқ.

Батыс Қазақстан облысы