Оқу орнының басшысы, ректор Ербол Исақаевтың айтуына қарағанда 2025 жылы М.Қозыбаев ат.СҚУ (Kozybayev University) халықаралық QS World University Rankings 2025 рейтингі бойынша қазақстандық 20 университеттің бірі деп танылған.
Ал Орталық Азия университеттері арасындағы QS Asia 2025 рейтингіндегі орнын 50-ші орыннан 32-ші орынға көтерді. «Кадрлық әлеуетіміз де артып келеді. Университетте 484 адам ұстаздық етеді. Олар жыл сайын өздерінің біліктілігін арттыруда. Мысалы, соңғы үш жылда ғана PhD саны 50 пайызға артты. 2024 жылдан бері ұстаздардың еңбекақысы 27% көтерілді. Ғылыммен айналысқандар, жаңа зерттеулер саны да арта түсуде. 2025 жылы ғылымға 1,3 млрд теңге бөлінсе 2026 жылға 3 млрд теңге қарастырылып отыр», деді ректор.
Мұнда әлеуметтік мәселелер де шешімін тапқан. Оқу кампусын жаңарту жалғасуда. Жаңадан екі оқу корпусы, жаңа жатақхана салынып, цифрлық инфрақұрлым жаңғыртылды. Студенттер республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алуда.
ПЕТРОПАВЛ