Ол заңға енгізілетін жаңа нормаға сәйкес, педагогтер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде және өз қызметтік міндеттері шеңберінде ғана жауапты болатынын атап өтті.
Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады
«Алғашқысы − жауапкершілік мәселесі. Мемлекет басшысы тамыз кеңесінде мұғалімдер оқушылардың қауіпсіздігіне тек оқу-тәрбие үдерісі барысында және өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ғана жауап беруі тиіс екенін атап өтіп, бұл норманы заң жүзінде бекітуді тапсырған болатын. Өткен жылы елде бірқатар резонанс тудырған жағдайлар тіркелген. Жаз мезгілінде, кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқықбұзушылық жасап немесе түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болған. Мұндай сәттерде мұғалімдер олардың жанында болмайды. Соған қарамастан, мектеп директорлары мен ұстаздар тәртіптік жазаға тартылып, тіпті жұмыстан босатылған жағдайлар да кездескен. Әрине, бұл − әділетсіздік», деді Асхат Аймағамбетов.
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Депутат жазғы демалыс пен түнгі уақытта да жауапкершілік ата-анаға жүктелетінін, енді бұл мәселеде екіұшты түсінік болмайтынын жеткізді. Айта кетейік, жаңа түзетулерге сәйкес педагогтер қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босатылады.