Пікір • Бүгін, 08:20

Құрылтай сайлауы – алғашқы саяси науқан

1 мин
оқу үшін

Жаңа Конституцияның күшіне енуі елдегі саяси ре­фор­­маларды іске асырудың жаңа кезеңін бастап берді. Оның маңызды мақсатының бірі – еліміздің тұңғыш Құ­рыл­­­тайын қалыптастыру.

Құрылтай сайлауы – алғашқы саяси науқан

Сурет: baq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палата­ла­рының ең соңғы бірлескен отырысында 1 шілдеден бас­тап елімізде түбегейлі саяси өзгерістер болатынын атап айтты. Негізгі заң күшіне енгеннен кейін өткізілетін Құрылтай сайлауы алғашқы ірі саяси науқан болмақ.

Заң шығарушы биліктің қос палаталы құрылымнан бір палаталы жүйеге көшуі заң шығару қызметін біртұтас институт аясында шоғыр­лан­дырады. Бұл палаталар арасындағы қайталанатын рәсімдерді қысқартып, заң жобаларын қарау мерзімін жеделдетуге, Құрылтай жұ­мысының тиімділігін арт­тыру­ға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң шығару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ете­тін, парламенттік бақы­лау­ды жүзеге асыратын, қоғам мүддесінің кеңінен еске­рілуіне жағдай жасайтын не­гізгі тетіктер толық сақта­ла­ды.

Құрылтай институтының енгізілуі – Президенттің мемле­кет­тік басқару жүйесін же­тіл­діруге бағытталған ре­фор­­малар бағытының қи­сын­ды жалғасы. Жаңа модель азаматтардың өкіл­ді­гін кеңейтуге, депутат­тар­дың сая­си жауапкер­ші­лігін кү­шей­туге, заң шығару үде­рісіндегі артық бюро­кра­тия­лық рәсім­дерді оңтай­лан­дыруға, мемле­кет­тік ор­гандардың шешім қабыл­дау тиімділігін арттыру­ға ба­ғыт­талған.

Жаңадан құрылатын Құ­рылтай қатарына еліміздің алға дамуына, жетілуіне, жан-жақты өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерін салатын білімді, білікті, мемлекетшіл аза­мат­тар жиналады деп үміт­тенеміз.

 

Нұртөре ЖҮСІП,

қоғам қайраткері

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50