Фото: istockphoto.com
БЖЗҚ-ның 1 маусымдағы деректеріне сүйенсек, ең жоғары жинаққа ие салымшы – жасы 51 бен 60 жас аралығындағы ер адам. Екінші орындағы 61 жастағы салымшының зейнетақы шотында 180 685 003 теңге жинақталған. Ал үшінші орында 41-50 жас аралығындағы ер адамның жинағы 151 752 008 теңгені құрайды.
«4+1» және Сингапур жүйесі: Зейнетақы реформасына қай модель сәйкес келеді?
Үздік бестікке екі әйел енген. 51-60 жас аралығындағы салымшының шотында 125 908 192 теңге болса, 41-50 жас санатындағы әйелдің жинағы 116 722 719 теңгеге жеткен.
61 жастан асқан зейнеткер әйелдер арасында да қомақты жинақ иесі бар. Оның міндетті зейнетақы шотында 95 721 470 теңге сақталған.
Ал 20 жасқа дейінгі салымшылар арасында ең үлкен жинақ қыз балаға тиесілі. Оның зейнетақы шотында 18 596 961 теңге бар. Осы жас санатындағы ең көп жинаққа ие жігіттің шоты 10 525 874 теңгеге жеткен.
Салымшылар енді зейнетақы жинақтарын толықтай жеке басқаруға бере алады
БЖЗҚ мәліметінше, бүгінде елімізде ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан 30 049 салымшы бар. Мұндай салымшылар ең көп тіркелген жас санаты – 41 жасты құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі қайта қаралған болатын. Жаңа ережеге сәйкес елімізде ең төменгі жеткіліктік шегі 6 670 000 теңгеден басталады.