Әлем •

Қытайдағы көшкіннен 21 адам қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ганьсу провинциясында болған көшкін салдарынан 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдағы көшкіннен 21 адам қаза тапты

Фото: Аrmenpress

Оқиға сейсенбі күні таңертең Луннань қаласында болған. Көшкін салдарынан 33 адам топырақ астында қалған. Ресми мәліметке сәйкес, 21 адам көз жұмып, 7 адам жарақат алған. Тағы 5 адам аман қалған.

Қытай аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Қытайда жаз мезгілінде нөсер жауын, тайфун, су тасқыны және көшкін секілді табиғи апаттар жиі болады.

Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылы Қытайдағы табиғи апаттардан келген тікелей экономикалық шығын 241,61 млрд юаньды (шамамен 34,5 млрд доллар) құрады. Табиғи апаттар салдарынан 763 адам із-түзсіз жоғалған.

Қытайда жарылыс болды: 7 адам көз жұмды, 17 адам зардап шекті

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 5 болатын екі жер сілкінісі тіркелген болатын. Жергілікті билік жағдайды бақылауға алып, өңірдегі ахуалды бағалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Өзен жағасынан XIX ғасырдың қаруы табылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:11