Тағайындау •

«Қазақстан темір жолы» компаниясы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

1 мин
оқу үшін

Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Фото: portaktau.kz

Бауыржан Орынбасаров 1970 жылғы 22 қазан күні Қызылорда облысында туған.

1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Батыс Қазақстан темір жолында қызметкер болып бастаған.

Ол аталған қызметке тағайындалғанға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылғы қаңтардан бастап) болып қызмет атқарған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. 

Соңғы жаңалықтар

Өзен жағасынан XIX ғасырдың қаруы табылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:11