Фото: Polisia.kz
Polisia.kz мәліметінше, Талдықорған қаласының 19 жастағы тұрғынының автокөлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көліктің терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтады. Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Мұндай құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ заң талаптарын бұлжытпай сақтауды, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметті нығайтуды көздейтін «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін осыған ұқсас оқиға туралы хабарлағанбыз. Алматыда қала көшелерінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қауіпті кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері анықталды. 4 жүргізуші, кәмелетке толмаған 4 түлек және олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылып, барлығына айыппұл салынды.