Фото: istockphoto.com
Сондай-ақ ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна) бар.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өндірілген өнімнің басым бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл екі өнім түрінің үлесі жалпы өндірістің 80 пайыздан астамына тең.
Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетті. Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан 6,4 мың тонна балмұздақты шетелге экспорттап, одан 24,8 млн доллар көлемінде табыс тапты. Осылайша балмұздақ өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4 пайызға өсті.
Экспорттың 99,9 пайызы ТМД елдеріне бағытталған. Негізгі экспорттық нарық – Ресейге 4,3 мың тонна өнім жеткізілген. Сонымен қатар Қырғызстанға экспорт 68,4 пайызға, Өзбекстанға жеткізілім 27,7 пайызға өскен.
Ал қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға 3,4 мың тонна балмұздақ импортталып, оның жалпы құны 12,9 млн долларды құрады. Негізгі жеткізуші елдер қатарында Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156 тонна) бар.
Еске сала кетейік, өткен жылы елімізде тәтті өнімнің экспорт көлемі 14 167 тоннаға жетіп алғаш рет импорт көлемінен асып түскен еді.