15 Қазан, 2010

Кеңес отырысы өтті

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалы­ғымен Президент жанындағы Құқық­тық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысында бизнес пен же­ке меншікті заңсыз тартып алуға (рей­дерлікке) қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ Кеңестің отырысында бағалау қызметі туралы заңнаманы дамытудың келешегі айқындалды және халыққа құқықтық тәрбие беру жүйе­сін жетілдіру мен құқықтық мә­де­ниетті көтеру мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша Эко­номикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Әділет министрлігінің ақпараты тыңдалды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес ұсыныстары Қазақстан Республи­ка­сындағы заңнаманы және құқық қол­дану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. “Егемен-ақпарат”.