19 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң бұйрығы № 112

673 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 19 ақпандағы Астана қаласы "Амбулаториялық деңгейде тегiн Медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде халыққа тегiн және жеңiлдiкпен қамтамасыз етуге арналған дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 4 қыркүйектегi № 446 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi кодексiнiң 88-бабына сәйкес, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Амбулаториялық деңгейде тегiн медициналық көмектiң кепiлдi  көлемi шеңберiнде халыққа тегiн және жеңiлдiкпен қамтамасыз етуге арналған дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 4 қыркүйектегi № 446 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 5799 тiркелген, 2009 жылы 16 қазан "Заң газетiнде"  № 158 (1581)жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 1-қосымшада: «Республикалық бюджет қаражаты есебiнен ағымдағы нысаналы трансферттер түрiнде (субвенциялар)» деген 2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа жолмен толықтырылсын:
18 жасқа дейiнгi балалар және жасөспiрiмдер Созылмалы вирусты В және С гепатитi Интерферон - альфа 2a или 2b*, 18млн МЕ/3мл, 25млн МЕ/2,5мл, 18млн МЕ/1,2мл, 30млн МЕ/1,2мл, 3млн МЕ/0,5мл, 4,5млн МЕ/0,5мл, иньекциялық ерiтiндiнi дайындау үшiн лиофилизирленген ұнтақ/шприц-сықпа/иньекцияға арналған ерiтiндi; иньекциялық ерiтiндiнi дайындау үшiн лиофилизирленген ұнтақ/шприц- сықпа; Рибавирин, сироп 50мг/5мл, 40 мг/мл
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармацевтикалық бақылау комитетi (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрi Е.А. Бiртановқа жүктелсiн. 5. Осы бұйрық алған ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Ж. ДОСҚАЛИЕВ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 2 сәуiрде Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6150 болып енгiзiлдi