20 Қазан, 2010

Әріптестік жарасымы

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орын­басары Нұр­лан Нығматулин Қытай Халық Рес­публикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лимен кездесті. Кездесу барысында тараптар “Нұр Отан” халық­тық-демократиялық партиясы мен Қытай Ком­мунис­тік партиясы арасында партияаралық байланыс орнаған алғашқы күннен бастап арадағы тату көршілік, достық қатынастың нығаюына, екі ел арасындағы жан-жақты әріптестікті кеңейтуге айтарлықтай үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Нұрлан Нығматулин “Нұр Отан” партиясының қыз­ме­ті жайлы хабардар ете отырып, Азияның, Еуро­паның, Аме­риканың жетекші партияларымен етене бай­ланыс ор­на­ғанына, сондай-ақ, Қазақстанда аккре­дит­телген Еу­ро­­па­лық Кеңес Парламентінің Ассамб­лея­сы, ЕҚЫҰ сын­ды халықаралық ұйымдармен белсенді әріптестік қарым-қа­ты­нас орнағандығына назар аудар­ды. Сонымен қатар, Нұр­лан Нығматулин Қазақстан Ислам Кон­ферен­циясы Ұйы­мына төрағалық ететін­діктен, 2011 жыл­дың өте ма­ңыз­­ды жыл екенін атап өтті. Қазақ­стан­ның қарқынды әрі се­німді түрде әлемдік элита қатарына енуін қазақстан­дық­­­тар ең алдымен өз Көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­­­­тың тұлғасымен, халықаралық беделімен байла­ныстырады. Өз кезегінде ҚХР елшісі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етуінің, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Ас­танада өтетін ЕҚЫҰ Саммитінің маңыз­дылығына тоқ­талды. Елші Чжоу Ли, әсіресе, Орталық Азиядағы ұлтара­лық келісімге, саяси тұрақтылыққа баса назар аударды. Әңгіме барысында тараптар ішкі саяси жағдайды сөз ете отырып, Қазақстанның 2010 жылдың маусым айы­нан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымына төр­ағалық етіп келе жатқанын, ал 2011 жылы Ислам Кон­ференциясы ұйымын басқаратынын тілге тиек етті. “Егемен-ақпарат”.