27 Қазан, 2010

Каспий теңізі – ортақ игілік

524 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
26 қазанда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылар кеңесінің үшінші отырысы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хат­шысы Марат Тәжин төрағалық еткен отырыстың күн тәртібі Каспий өңі­рінде еліміздің ұлттық мүдделерін ілгерілету проблемаларын, сондай-ақ жалпыұлттық деңгейде экономикалық қауіпсіздіктің өлшемдер жүйесі мен мониторингін жасау мәселелерін қарастыруды қамтыды. Жетекші ғалымдар, талдама­шы­лар, ғылыми-зерттеу орталық­тары мен үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері мүшелері болып табылатын Кеңес сарапшылары­ның пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Каспий өңі­рін­дегі ұлттық мүдделерін ілгері­лету­дің маңызды қырлары Каспий өңірі елдерінің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сон­дай-ақ теңіз жағалауындағы мем­ле­кеттердің қоршаған ортаны қор­ғау саласындағы бірлескен ша­ра­ларын күшейту болып табылады. Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ведомстволарының өкілдері де қатысқан отырыста жалпыұлттық деңгейде экономи­ка­лық қауіпсіздіктің өлшемдер жүйесі мен мониторингі мәселесі жан-жақты талданды. Отырысқа қатысу­шылар экономикалық мо­ни­торинг­тің жолға қойылған жүйе­сі ұлттық және әлемдік эко­номикадағы ала­сұрушылықтың келеңсіз салдарын айтарлықтай төмендететінін, жаңа қатерлер мен тәуекелдерге жедел және тиісінше үнқатуға мүмкіндік беретінін жеткізді. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің жа­нын­дағы ғылыми-консультативтік орган болып табылатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сала­сында ғылыми-экономикалық ұсы­ныстар әзірлеу мақсатымен сарапшылық зерттеулер орын­дай­тын Сарапшылар кеңесінің отырысын қорытындылай келіп, оның төрағасы Марат Тәжин аталған проблемаларды жан-жақты және кешенді талдаудың, сондай-ақ осы мәселелер бойынша ұсы­ныстар әзірлеу үдерісіне ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдерін белсендірек тартудың қажеттігін атап көрсетті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылаудың барысында Сарапшылар кеңесі нақты ұсы­ныс­тар берді, олар еліміз Қауіп­сіздік Кеңесінің және оның ведомствоаралық комиссия­лары­ның алдағы кездегі жұмыстарында пайдаланылатын болады. “Егемен-ақпарат”.