10 Қараша, 2010

Жаңа технологияларға жол ашық

478 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде биылғы жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Инжиниринг және техно­логиялар трансферті орталығының жа­ны­нан Қазақстан-Француз техно­ло­гиялар орталығы өз жұмысын бастады. Осыған орай “Инжиниринг және тех­нологиялар трансферті орталығы” АҚ-тың басқарма төрағасы Саят Нүсіпов, Қазақстан-Франция технологиялар транс­­ферті орталығының атқарушы ди­рек­торы Мұхтар Манкеев, сондай-ақ Қа­зақстандағы Франция елшілігінің эко­номика және сауда жөніндегі ке­ңес­шісінің бас көмекшісі Лоран Шопитон Астанада баспасөз мәслихатын өткізді. Орталық мақсаты ортақ жобаларды іске асыру мен оларға қажетті зерттеулер жүргізу, жобалық құжаттамаларды әзір­­леу және толығымен консалтингтік сүй­е­­мелдеу арқылы жобаларды жылжытуға ықпал жасау арқылы Қазақстан эконо­микасының нақты секторын дамыту болса, міндеттері қатарына бірлескен кә­сіп­орындар құру мен өзара тиімді ин­вес­тицияларды қолдау, сонымен қатар ғы­лыми-техникалық әзірлемелердің нә­ти­же­лері инновациялық инфрақұрылым элементтерінің мүмкіндіктері арқылы өзектендірілген ақпараттарды ұсыну, дейді жиынға қатысушылар. Сондай-ақ олар міндеттер қатарына мұнан өзге екі жақты технологиялар трансферті мен экономиканың нақты секторлары үшін, оның ішінде инновациялық қызмет саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау шараларын өткізу жа­та­тындығын да назардан тыс қалдырмады. Бүгінгі таңда аталған орталықтың фран­­цуз өкілдігі ашылған. Ол француз компанияларымен жаңа жобаларды іздеу және ортақ жобаларға француз инвес­ти­цияларын тарту мақсатында жұмыс жасай­ды. Орталық үшін негізгі міндет жоба­лар­ды Қазақстан аумағында іске асыруды жос­­парлап отырған және мұнда филиал­да­ры мен өкілдіктерін ұстауға мүмкін­дік­тері келмейтін Францияның шағын және орта бизнес өкілдерінің өз жұмыстарын жүргізе берулеріне мүмкіндіктер жасау. 2010-2014 жылдарға арналған елімізді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ортақ жобалар үшін үлкен перс­пективалар мен мүмкіндіктер ашылып отыр. Ел Үкіметі шетел инвестиция­ла­рын тарту және қолдау бойынша кө­мек­тер көрсетуде. Сонымен қатар, инно­ва­циялар мен жаңа технологияларды енгізу арқылы бизнесті дамытуды қолдаудың нақты құралдары бар. Инновациялық техноло­гия­ларды алуға гранттарды ұсыну, тех­но­парктерде бизнес- инку­ба­тор­­­лар бойынша жаңа жобаларды биз­нес-инкубаторлау және жаңа тех­но­логиялар инжинирингі бойынша бағдар­ла­малар іске асырылуда. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.