12 Қараша, 2010

Жұмыс тобының отырысы

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен биылғы 30 қарашада Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің алдында болатын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Бюросының отырысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Отырысқа Парламент депутат­тары, Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигалов, палата қызметтерінің басшылары қатыс­ты. С­енат Аппаратының және жұмыс тобының басшысы Мұрат Нұртілеуов шараға әзірліктің 11 қарашаға дейінгі жағдайы туралы баян­дады. Оның айтуынша, алда­ғы Бюро отырысына 48 делегат қатысатыны, олардың ішінде ЕҚЫҰ ПА Бюросының 15 мүше­сін қоса алғанда, ЕҚЫҰ-ға қаты­сушы мемлекеттер парламенттері­нің 25 депутаты бар екені нақты­ланды. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блея­сының Президенті П.Эфти­миу өзінің алдағы шараға қатыса­тынын нақтылады. Ассамблея басшылығы мен оның мүшелері Парламенттік Ассамблея мен Ұйымның қазіргі қызметіне, таяу келешектегі жұ­мыс жоспарына қатысты ауқымды мәселелерді талқылайтын болады. Одан басқа, ЕҚЫҰ Парла­менттік Ассамблеясының депутат­тары Еуразия қоғамдастығы алдында тұрған және Қазақ­стан­ның төрағалық етуіндегі басым бағыттар ретінде белгіленген өзекті мәселелер жөнінде пікір алма­са­тын болады.