12 Қараша, 2010

Үкімет

397 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін

“Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы

Барыстың секірісі

Бүкіләлемдік банктің  Doіng Busіness есебі Қазақстанның бизнес ахуалды жақсартуда әлемде көшбасшы екенін көрсетті Бүкіләлемдік банк әр жыл сайын әлем елдеріндегі бизнес жүргізудің ахуалы жайындағы “Doіng Busіness” рейтингін жариялап келді. Бұл рейтинг негізінен ұлттық заңдардағы бизнес жүргізуге қойылатын шектеулердің жеңілдетілу мәселесін қарастырады. Жуықта аталған банк Халықаралық қаржы корпорациясымен бірлесе отырып, әлемнің көптеген елдеріндегі бизнес жүргізудің жеңілдетілу жағдайы жөніндегі өзінің кезекті сегізінші есебін жариялады. Бұл есепке барлығы 183 ел енгізілді. Бүкіләлемдік банктің бұл жолғы есебіндегі бір қуанышты жағдай, еліміз биз­несті жүргізу талаптарын рефор­малау бойынша алдыңғы орындарға шықты. Осыған қарағанда алды­мыздағы 2011 жылы Қазақстанда кә­сіп­кер­лікпен шұғылдану биылғы жыл­мен салыстыр­ған­да біршама жеңілдей түсетіндігі белгілі болып отыр. Өйткені, аталған есепте Қазақ­стан­да биылғы жылы бизнестің ал­дындағы әкімшілік кедергілерді азайту бағытында қол­да­ныстағы заң­дарға бірқатар оң өзге­рістер енгізілгендігі көр­сетілген. Рейтинг бизнес жүргізуді жеңіл­де­тудің бірқатар көрсеткіштері бойынша анықталған. Солардың ішінде несие алудан басқа барлық көрсеткіштер бойынша еліміздің алға жылжы­ған­дығы белгілі болып отыр. Әлемде орын алған қаржы дағдарысынан кейін еліміздің екінші деңгейдегі банктері кәсіпкерлікті несиелеуде сақтық шараларын күшейте түскен болатын. Бүкіләлемдік банктің рейтингіндегі кәсіпкерліктің несие алу көрсеткіш­те­рінің төмендей түсуі осы жағдайға байланысты болса керек. Бүкіләлемдік банктің келтірген мәлі­мет­тері бойынша Қазақстан соңғы жыл­дардан бері жергілікті кәсіпкерлердің қыз­метін жеңілдету бағытындағы нор­мативтік-құқықтық базаны жетілдіру ісі­мен тұрақты түрде шұғылданып келеді. Сондықтан да рейтинг тізіміндегі Қазақстан жағдайы да жыл өткен сайын жақсара түсуде. Мәселен, аталған халықаралық қар­жы құрылымының 2007 жылғы есебінде еліміз жалпы рейтинг бойынша 80-ші орында тұрса, 2008 жылы 70-ші орында, 2009 жылы 63-ші орынды еншілеген бола­тын. Енді, міне, секірісті қадам жасадық. Бизнес жағдайын жақсарту мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты назарында. Мемлекет басшысы Парламенттің төртінші шақырылы­мының үшінші сессиясын ашардағы сөзінде (01.09.2009 ж.) “Қазір іскерлік климат пен отандық кәсіпкерлікті қолдау бойынша жаңа жүйелі шаралар қолдану ерекше қажет болып отыр. Кәсіпкерлікті тексеру жүйесін оңтайландыра түсуіміз қажет. Біз бұл тақырыпта көптен бері және ұзақ мәселе қозғап келеміз. Енді тексеруші органдар шағын және орта бизнеске қысым жасамауы үшін барлық заңдарды бір заңның аясында жинап, қалғандарының күшін жойып, бұл мәселені бір тәртіпке келтіруіміз керек” деген болатын. Үкімет Елбасының осы тапсырмасына байланысты тиянақты жұмыстар жүргізіп келеді. Оның алдындағы әкімшілік шектеулерді азайту бағытында бірқатар шаруа­лар­дың басын түгендеп үлгерді. Осы мәсе­ле­лердің өзі биз­нес­тік бірлестіктердің қатысуымен Үкімет пен іскерлік құ­рылым орта­сындағы үнқатысу негізінде жүзеге асуда. Атал­ған бағытта қандай шаруалар жүзеге асты? Енді осыған тоқталып көрейік. Рейтингтегі “Құрылысқа рұқсат алу” өлшемі бо­йын­ша Қазақ­стан­ның бұ­рынғы 156-шы орыннан тоғыз сатыға алға жыл­жып, 147 ор­ын­ға көте­ріл­ген­дігін көреміз. Мұндай алға басуға Үкіметтің еліміздің екі заңына (“Қазақстан Республикасындағы сәулеткерлік, қала салу және құрылыс қызметі туралы” заң мен “Лицензиялау туралы” заң) және Үкіметтің төрт қаулысына бизнеске қолайлы өзгерістер енгізілуі әсер еткен. Осы бойынша кәсіпкерлік құрылымға бизнес жүргізу үшін қойылатын әкімшілік шектеулер төмендетіліп, құрылыс жүргізуге рұқсат беру едәуір жеңілдеген. Сонымен қатар, рұқсат беру құжатын әзірлеу мерзімі бұрынғы отыз күннен он күнге дейін азайтылған. Бүкіләлемдік банк рейтингіндегі қарастырылған өлшемдердің бірі – “Меншікті тіркеу”. Қазақстан бұл бойынша 29-шы орыннан бір саты алға жылжып, 28-ші орынға көтеріліп отыр. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізіліп, “Жылжымайтын мүлік және онымен мәміле жасасу құқығын мемлекеттік тіркеу” қызметі бойынша тіркеу мерзімі бес жұмыс күніне дейін қыс­қартылды. 2010 жылдың 17 мамырынан бастап барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеуге қатысты қызметкерлердің барлығын электронды форматқа көшіру тәжіри­бе­сінің қолға алынғандығы белгілі. Мұның өзі аталған мәселеде кәсіп­керлермен қа­тар жекелеген азаматтарға да үлкен қолайлы жағдайлар туғызды. Рейтингтің тағы бір өлшемі – “Ин­весторларды қорғау”. Бұл жөнінде Қазақстан былтырғы жылғы 57-ші орыннан 13 сатыға көтеріліп, 44-ші орынға табан тіреген. Әрине, бұл үлкен жетістік. Елімізде аталған мәселе жөнінде де көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді. 2009 жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысы “Қазақстан Республика­сындағы қаржы ұйымдарының қаржы есептілігі және бухгалтерлік есептілік, ақша төлемдері мен аудармалары және ҚР Ұлттық банкінің қызметі туралы бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойған болатын. Осы заң бойынша акционерлік қоғамдар қызметіне бірқатар жеңілдіктер берілумен қатар, олардың қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, инвесторлардың құқығы мен мүддесін қорғау ісінде заң талаптары күшейтілді. Ал Бүкіләлемдік банк рейтингіндегі “Салық салу” өлшемі бойынша Қазақстан жоғарыда келтіргеніміздей бұрынғы 53-ші орыннан 14 саты көтеріліп, 39-шы орынға орнықты. Бұл ТМД елдерінің ішінде ең жоғары орын. Қазақстанның мұндай жетістікке жетуіне ең алдымен жаңа Салық ко­дексінің ықпал еткенін айтуымыз керек. Бұл кодекс бизнес қауымдас­тықтың белсене қатысуымен әзірленген болатын. Жаңа Салық кодексінің негізгі жаңа­лықтарының бірі 2009 жылдың 1 қаң­тарынан бастап корпоративтік табыс салығының 20 пайызға дейін, ал қосымша құн салығының 13 пайыздан 12 пайызға дейін төмендетілгені болды. Сонымен қатар, салық төлеушілерді тіркеу ісі жеңілдетіліп, шағын және орта бизнес үшін аванстық төлемдер алынып тасталды. Қосымша құн салығын қайтару үдерістері оңайлатылды. Салық есептілігі оңтайландырылып, салық жөнінде тексерулер жүргізу бірыңғай тәртіпке келтірілді. Экономиканың тұрақсыздығы жағ­дайында бизнеске қолдау білдіру мақсатында заңнан тыс шаралар да жүзеге асырылды. Бизнеске көрсетілетін қызметтердің ашықтығы арттырылып, қолжетімділігі оңайлатылды. Салық комитетінің сайтында салық төлеуші мен салық органдарының “Салық төлеушінің жеке кабинеті” арқылы диалог жасауына мүмкіндіктер берілді. Міне, осылардың барлығы салық жөнінде бизнес үшін жасалған жеңілдіктер мен қолайлы­лық­­тардың бір бөлігі ғана. Сонымен Бүкіләлемдік банктің ал­ды­­мыздағы жыл үшін жаңадан жа­рия­ланған сегізінші есебі Қазақ­стан­да биз­неске қолайлы іскерлік ахуалын туды­ру мәселесінің бұрынғыға қара­ған­да бір­шама жақсара түскендігін көрсетіп берді. Жалпы, шағын және орта кәсіп­керлікті ел тұрақтылығының, ондағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың орнықтылығының тірегі ретінде атап көрсетуге болады. Өйткені, миллиондаған адамдар нақ осы салада еңбек етеді. Демек, бизнестің еркін жұмыс істеуіне қолайлы жағдайдың туғызылуы халық жағдайының жақсаруына, экономи­каның дамуына үлкен әсер етеді. Сондықтан да, Үкімет Елбасының тапсырмаларын орындау бағытында бұл саладағы тәртіптің ретке келуіне барынша мүдделі болып отыр. Бүкіләлемдік банк секілді ірі халық­аралық қаржы ұйымдарының берген жағым­ды бағасы елімізге инвес­ти­циялардың келуін де жақсарта түсетіндігі анық. Сондықтан бизнеске қолайлы іскерлік ахуал тудыру, оларға әкімшілік шектеулерді жеңілдету мәселесі Үкіметтің тұрақты назарында болатындығы анық. Бизнес жүргізудің негізгі өлшемдері бойынша Қазақстанның рейтингтен алып отырған орындары, 2010 жыл Рейтингтің атауы   2011 жылға БЖ  2010 жылға БЖ   Рейтингтегі рейтингі                рейтингі                өзгерістер Кәсіпорындарды құру         47            85            +38 Құрылысқа рұқсат алу     147          156          +9 Меншікті тіркеу  28            29            +1 Несиелер алу      72            69            -3 Инвесторларды қорғау    44            57            +13 Салық салу          39            53            +14 Халықаралық сауда          181          182          +1 Келісімдерді орындауды қамтамасыз ету 36            36            өзгерген жоқ Кәсіпорынды тарату         48            54            +6 Сұңғат ӘЛІПБАЙ.

Көрсеткіштер көңіл көншітеді

Астанадағы “Риксос” қонақүйінде “Бизнесті жүргізу-2011” атты кәсіпкерлерге өз жұмыстарын жүргізуі үшін қолайлы жағдайды арттыруға байланысты конференция болып өтті. Конференцияға еліміздің вице-премьері Ербол Орынбаев, Бүкіләлемдік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Моту Кониши, “Бизнесті жүргізу” бағдарламасының аймақтық өкілі және бас экономисі Андреа Даллолио және басқалар қатысты. Онда Бүкіләлемдік банк өкілдері бизнесті жүргізуде кәсіпкерлік қызметті жақ­сар­тудың Қазақстан бойынша есебінің негізгі қоры­тындысын жариялады. Есеп қорытындысы бойынша Қазақстан бизнесті ашу үшін кәсіпкерлерге қойылатын шарттарды біршама жеңілдетіп, әкімшілік кедергілерді жойған. Бүкіләлемдік банк жария­лаған мәліметтер бойынша Қазақстан бизнес-климатты жақсарту рей­тин­гінде әлемдік көшбасшы елдердің қатарына енді. Бұл осы жыл  бойынша елі­міз кәсіп­кер­леріне өз бизнесін жүр­гізу үшін қойылатын талап­тарды жеңілдетуге бағыт­талған шаралар мен реформа жүр­гі­зуде алғашқы орында кө­рін­гендігіне бай­ла­нысты бо­лып отыр. Атап айтсақ, елі­міз кәсіпорын ашуы үшін, құрылыс салуға ке­лісім алуы, сондай-ақ ин­весторды қорғау және ха­лық­аралық сауда бо­йын­ша қо­йы­латын талаптарды жақсарта түскен. Соңғы екі жылда Бүкіл­­әлемдік банк ел Үкіметіне бір­лескен экономикалық зерт­теулер бағдарламасы шеңберінде биз­нес-кли­матты жақсартуға жәр­демдесіп келеді. Осы мақ­сатта Үкіметте құрылған жұмыс топ­тары “Бизнесті жүргізудің” не­гізгі 8 көрсеткіші бойынша, яғни кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыруда кездесетін кедергілерді барынша қысқартуға байланысты жұмыс істеген. Еліміздің аталмыш рейтинг­тегі жағдайын жақсартуға сеп­тескен маңызды рефор­малардың сана­тына кәсіпорынды ашуда жарғылық капиталдың ең төменгі көрсеткіші 100 теңгеге дейін түсіру (0,70 АҚШ доллары) және құрылтайлық келісім мен жаңа компания жар­ғысының нотариал­дық көшірмесін әкелу талабын жойды. Сондай-ақ, Үкімет инвес­торларды қорғауды күшейтті, ол үшін компанияның жылдық есебіндегі корпоративтік ақпарат­ты жариялауға байла­нысты талаптарды жоғарылатты. Осы орайда, Алматыда кәсіп­кер­лік қызметтің реттелуіне қатысты сауалдама жүргізгенде отан­дық бизнесмендердің бір­ауыздан қазіргі уақытта жағ­дай­дың әлдеқайда жақсарғанын айтқандықтары туралы деректі де келтіре кеткен жөн. Жоғарыда аталған есепте кел­тірілгендей, Қазақстан кәсіп­керлер үшін бизнес жүргізуді  жеңілдетуге бағытталған ре­формалар бойынша өткен жыл­дың қорытындысында бірінші орынға шығып отыр. Біздің еліміз кедергілерді жою бо­йынша бағалаулар берілген тоғыз позицияның бәрі бойынша дерлік көрсеткіштерді жақсарта түскен. Сөз ретінде ТМД елдері іш­ін­де Қазақстанның Грузия мен Қыр­ғызстанды ғана алға жі­беріп, үшінші орынға шығып отыр­ғанын да атап көрсету қажет. Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Жағдайдың жақсарғаны байқалады

Еліміздегі банк жүйесіндегі жағдайдың жасқара түскенін біз өзіміздің күнделікті жұмы­сы­мыз­дың барысында айқын бай­қап жүрміз. Өзім басқаратын “РЗА” акционерлік қоғамы негі­зі­нен ауыл шаруашылығы, со­ның ішінде суландыру жүйесі құ­рылыстарын салу мен жөн­деуге бағыт ұстаған құрылым еді. Кейінгі жылдары қазақтың ұлт­тың нышандарының бірі болып табылатын мал шаруа­шы­лығын дамытуды да қолға алғанбыз. Бүгінде акционерлік қоғам­ның қарауында тауарлы сүт фер­масы да бар. Қазалы ауданында қоныс тепкен бұл құрылымды табанынан тік тұрғызып, жұ­мыс­ты жетілдіріп әкету үшін банк қаражатынсыз жұмыс істей ал­май­тынымыз белгілі. Осы ойды оралымды етіп жүзеге асыру үшін біз аталмыш фер­маны қа­зіргі заман талабына сай етіп жаб­дықтау үшін оны ал­дымен Қазақстанның индус­трия­лан­дыру картасына ендір­дік. Соның арқасында банктен қажетті қаржымызды ала білдік. Бұл қаржыға жақында Венгриядан голшинофриз тұқымдас 660 бас ірі қара сатып алып келдік. Бұл мал тұқымын асылдандыру мен сүтті сиырларды көбейту мақсатында жасалды. Енді жылдың соңына дейін құрылысы толық салынып бітетін тауарлы сүт фермасы толық қуатында жұмыс істей бастайтын болады. Біз бизнесті жүргізу ісінің жақ­сара бастағанына дән разымыз. Бұл саладағы жұмыс­тардың жолға қойылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкі­меттің ай­рықша көңіл бөліп, олар­дың осы арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға қам­қорлық жасап отырғандарын біз жақсы білеміз. Сондықтан да осы қамқорлық пен қолдауды пай­далана білгеннің ұтатыны анық. Самұрат ИМАНДОСОВ, “РЗА” АҚ президенті.

Бизнесті дамытудың қолайлы кезеңі

Қазір біздің елімізде бизнесті дамытудың бұрын-соңды болмаған қолайлы ахуалы туып отыр. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастап, аталмыш салаға айрықша көңіл бөліп отыруы, сол арқылы республикадағы банктердің оны қаржыландыруды жақсы жолға қоюы тікелей мұрындық болуда. Бұлай болатыны, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің кез келген елдің эконо­ми­калық жа­ғынан өсуі мен өркен­деуінің негізі екенін өте жақсы біледі. Ал бұл тектес кә­сіп­орындар өз ретінде орасан зор ақша ай­на­лымы мен жұмыс орындарын жа­сап қана қоймайды, сонымен қатар өндіріске жаңа технологияны бі­рін­ші енгізіп, бизнесті жүргізудің со­ны тәсілдеріне батыл қол создырады. Егер мемлекет ырғақты және тұрақты даму жолына түскісі келсе, оның әлеуметтік-эко­номикалық бағдар­лама­сына мін­детті түрде шағын және орта бизнесті ын­­таландыру ша­ра­­ларының енгізілуі қа­жеттігін әлем­дік тә­жірибе көрсетіп отыр. Бүгінде дамыған ел­дерде ішкі жалпы өнім көлемінің 40-90 пайызы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Себебі, бұл мем­лекеттердің үкі­меттері атал­мыш секторды жол­­ға қоюға ал­дыңғы кезекте мән береді. Шағын және орта бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның діңгегі. Барша қазақ­стан­дықтар әл-ауқа­ты­ның көтерілуі оның да­муы­мен тығыз байланысты. Ста­тистика агент­тігінің үстіміздегі жылғы 14 қа­зандағы мәліметі бойынша, қа­зіргі таңда елімізде 627 779 белсенді компания мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шамамен олардың 99 пайызы шағын және орта бизнестің шаруасын шал­қы­тып жүргендер болып есептеледі. Соның ішінде барлық субъек­ті­лердің 61,1 па­йызын жеке кә­сіп­керлер, 27,1 па­йызын шаруа (фер­мерлік) қо­жа­лықтары, 10,4 пайызын шағын кә­сіпкерліктің, ал 1,4 пайызын орта кә­сіпкерліктің заңды тұлғалары құ­райды. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны жөнінен екі облыс басқалардан оқ бойы алда келеді. Солардың ішінде ос­ын­дай 119 246 құрылымымен елі­міздегі жалпы көрсеткіштің 18,99 пайызын еншілейтін Оңтүстік Қа­зақстан облысы бірінші орында тұр. Екінші орындағы Алматы облысы жалпы көрсеткіштің 16,44 па­йызын қам­титын 103 241 субъектіге ие. Ал бұ­дан кейінгі орын­дардағы ай­мақ­тардың үлес салмақтары бұлардан едәуір төмен. Бұған көз жеткізу үшін үшінші-төртінші орындарға жайғасқан Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында тиісінше 61 995 және 56 221 шағын және орта бизнес құрылымдары бар екенін айтсақ та жеткілікті. Әрбір көштің басы болатыны сияқты оның соңының да сап тү­зейтіні аян. Бұл жағынан кел­генде, Қызылорда облысының соңына түсетін, дұрысырағы, одан төмен тұрған бірде-бір аймақ жоқ. Сыр бойындағы кәсіпкерлік құрылым­дар­дың саны бар-жоғы 12 917 деген цифрмен шектеледі. Соңынан санағанда екінші бо­ла­тын, халқының саны аталмыш өңір­­­дегіден екі еседей аз Маң­ғыстау облысындағы көрсеткіш бұ­дан біршама биік – 15 941. Артта қалу­шылардың көшін Атырау об­лысы 17 700 деген цифрмен тиянақ­тайды. Кәсіпкерліктің жекелеген тар­мақтарына келсек, заңды тұлғалы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша Алматы қаласының алдына түсетін ешкім жоқ. Оңтүстік астанада бұл көрсеткіштер тиісінше 18 215 және 2 335 сандарын көрсетеді. Қалған аймақтар бұл цифрлардың маңына да бара алмайды. Сол сияқты жеке кәсіпкерлік пен шаруа (фермерлік) қожалықтарының саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары шығандап алға шығып кеткен. Ал осылардың шаруа (фер­мерлік) қожалықтарынан басқа­лары бойынша Қызылорда облысы көштің ең соңында орын тепкен. Енді шағын және орта бизнес субъек­тілерінің саны жөніндегі кес­теге көз салсақ, ол мынадай кө­ріністерді ұсынар еді. Бұлардың бі­рінші тармағында аймақтардың ала­тын орны, екіншісінде аймақтар ат­тары, үшіншісінде барлық кә­сіп­керлік субъектілердің, төртін­шісінде – заңды тұлғалы шағын бизнес, бесіншісінде – заңды тұлғалы орта бизнес құрылым­дарының, алтын­шы­сында – жеке кәсіпкерлердің, жетін­ші­сінде шаруа (фермерлік) қожа­лық­тарының сандары келтірілген. 1              2              3              4              5              6              7 1.             Оңтүстік               119 246   4 455       474         55 496     58 821                    Қазақстан 2.             Алматы 103 241   4 256       520         49 454     49 011                    обл. 3.             Шығыс  61 995     4 517        499         41 580     15 399                    Қазақстан 4.             Алматы қ.            56 221     18 215     2 335      35 664     7 5.             Қарағанды           41 756     4 875       747         30 161     5 973 6.             Жамбыл               35 042     1 518       171         17 967     15 386 7.             Қостанай              33 114     2 602       509         24 978     5 025 8.             Астана қ.              24 843     5 859       810         18 172     2 9.             Ақмола                 24 724     1 964       428         18 632     3 700 10.           Павлодар              22 400     2 520       340         16 684     2 856 11.           Ақтөбе  21 441     2 769       448         14 585     3 639 12.           Солтүстік Қазақстан             19 080     1 763       397         13 745     3 175 13.           Батыс  Қазақстан   18 118     1 989       240         12 339     3 550 14.           Атырау 17 700     2 168       374         13 502     1 656 15.           Маңғыстау          15 941     4 303       374         10 518     746 16.          Қызылорда          12 917     1 754       210         9 801       1 152 Статистика агенттігінің биылғы жылғы 1 қазандағы мә­ліметі бой­ынша, еліміздегі шағын және орта бизнес құрылымдарына 2 156 901 адам жұмысқа тартылған. Олардың 552 445-і заңды тұлғалы шағын бизнес, 422 464-і заң­ды тұлғалы орта бизнес құры­лым­дарында есепте тұрады, 728 682-сі жеке кәсіпкерлікпен шұ­ғыл­данады, 453 310-ы шаруа қо­жалықтарында жұмыс жасайды. Шағын және орта бизнес құры­лымдарында күнкөрісін ажыратып жүр­ген жұртшылықтың саны жө­нінен де Оңтүстік Қазақстан облысы 285 308 көрсеткішімен ал­дына жан салмайды. Осы салалар арқылы әл-ауқаттарын түзеуші­лер­дің қатары Алматы қаласы мен об­лысында да едәуір. Оларда бұл деңгейлер тиісінше 275 447 және 255 321 мөлшерлерінен қайтады. Ал оларды субъектілер түрлеріне қарай бөліп қарастырғанда, заңды тұлғалы шағын және орта бизнесте Алматы қаласының үлесі айрықша көп. Онда бұл салалар тиісінше 126 330 және 71 791 адамды асы­рап отыр. Сол сияқты 89 658 адам­ға жұмыс тауып берген Шығыс Қа­зақстан облысы жеке кәсіп­керлікті дамыту жөнінен көш басында тұр. Ал шаруа (фермерлік) қожалық­тарында нәпақа айырып жүргендер қарасы Оңтүстік Қазақстан облысында бәрінен де көп, олар 141 403 адамды құрайды. Осы көрсеткіштер бойынша көш соңында қалып қойғандар жөнінде де бір ауыз сөз. Олардың жалпы көрсеткіші бойынша Қызыл­­орда облысы ең соңғы орынды иемденіп отыр. Заңды тұлғалы ша­ғын бизнесте – Сол­түстік Қа­зақ­стан, заңды тұл­ғалы орта бизнесте – Батыс Қазақстан, жеке кәсіпкер­лікте Қызылорда облысы шептің шегінде. Ал шаруа (фермерлік) қожалықтары бо­йынша екі орталық – Астана және Алматы қалаларын есепке алмаймыз, сонда соңғы орында Маңғыстау өңірінің келе жатқаны айқындала түседі. Егер бұл облыстың халқы санының аздығы мен аудандары қатарының санаулы ғана екенін ескерсек, бұл орынға келесі ке­зекте тұрған Қызылорда облысы “ойланбай” орналасады. Көрініс мейлінше түсінікті болуы үшін тағы да кестеге көз са­лайық. Мұнда да тармақ­тар­дағы атаулар мен субъектілер жоғарыдағы ретпен қойылған. 1              2              3              4              5              6              7 1.             Оңтүстік               285 308   43 900     25 273    74 732     141 403                                  Қазақстан 2.             Алматы қ.            275 447   126 330   71 791    77 269     57 3.             Алматы обл.        255 321   36 885      24 531    71 006     122 899 4.             Шығыс  199 578   44 297     34 146    89 658     31 477                                   Қазақстан 5.             Қарағанды           167 212   46 860     33 424    65 180     21 748 6.             Жамбыл               128 779   20 310     10 841    27 621     70 007 7.             Қостанай              123 105   26 859     32 373    52 557     11 316 8.             Астана қ.              109 869   44 492     27 794    37 579     4 9.             Ақмола                  99 565    19 645     30 309    38 943     10 668 10.           Солтүстік   Қазақстан           90 318     15 723     28 251    38 805     7 539 11.           Павлодар              85 911     22 135     15 657    40 725     7 394 12.           Ақтөбе  84 446     23 750     21 968    29 256     3 175 13.           Батыс Қазақстан    72 027     18 505     15 553    27 314     10 655 14.           Маңғыстау          64 549     28 044     17 643    17 622     1 240 15.           Атырау 62 243     18 510     16 957    23 099     3 668 16.          Қызылорда          53 232     16 200     15 953    17 316     3 763 Ал кез келген еңселі елдің экономикалық өсімі мен өркен­деуінің негізі болып табылатын осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әкеліп жатқан та­быс­тар қандай, енді соған тоқталайық. Статистикалық агенттік ұсынған 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы мәліметтерде оның республика бойынша 4 трлн. 108 млрд. 079 млн. теңге болғаны байқалады. Бұлардың арасында заңды тұлғалы шағын кәсіп­керліктің табысы – 1 трлн. 114 млрд. 843 млн., заңды тұлғалы орта кәсіпкерліктің үлесі – 2 трлн. 450 млрд. 288 млн., жеке кәсіпкерлердің қосқаны – 336 млрд. 344 млн., ал шаруа (фер­мерлік) қожалықтарының әкелгені 206 млрд. 605 млн. теңге маңынан қайырылады. Аймақтардың жайына келсек, мұнда Алматы қаласының десі бәрінен басым. Осы субъектілер әкелген барлық табыстың 27,64 пайызы, яғни 1 трлн. 135 млрд. 482 млн. теңгесі оңтүстік астананың үлесіне тиеді. Келесі орындағы Астана қаласына тиесілі қаржының қоржыны бұдан екі еседен де төмен, ол — 504 млрд. 569 млн. теңге. Үшінші ор­ын­дағы Батыс Қа­зақ­стан об­лы­сының ен­ші­сіне 334 млрд. 967 млн. теңге жа­зылса, төр­тін­ші орын­ға та­­бан ті­ре­ген Атырау облысында 273 млрд. 877 млн. теңге бар. Бұдан соңғы бе­­сінші орынды – Алматы (255 409 млн.), алтыншы орынды – Оңтүстік Қазақстан (206 367 млн.), жетінші орынды – Шығыс Қазақстан (193 747 млн.), сегізін­ші орынды Қарағанды (188 068 млн.) облыстары алып отыр. Бұ­дан арғы кезектегі Ақтөбе (156 711 млн.), Ақмола (122 443 млн.) және Павлодар (114 048 млн.) облыс­тары 11-13 орындарға жайғасқан. Кестенің соңын Қы­зыл­орда (113 144 млн.), Солтүстік Қа­зақ­стан (108 537 млн.) және Жам­был (85 450 млн.) облыстары аяқтайды. Статистика агенттігінің мәлі­метіне сүйенсек, үстіміздегі жыл­дың қаңтар-қыркүйек айла­рында өнім өндіру көлемі республика бойынша 5,3 пайызға өскен. Соның ішінде шағын және орта бизнес белсенді субъек­тілерінің саны 1,1 пайызға артып, оларда жұмыс жасайтындардың қатары 2,5 пайызға көбейген. Мұнда өнім өндіру мөлшерін 113,8 пайызға өсірген Ақтөбе облысы көш ба­сында тұр. Үздік үштіктің үзірі бұ­дан басқа Павлодар (106,9%) және Қарағанды (106,8 %) об­лыстарына тиесілі. Көштің соңында Алматы (101,9), Қызыл­орда (102,1%) және Солтүстік Қазақстан (102,1%) облыстары қалып қойған. Қазақстан алдағы жылы Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуге талпыныс жасауда. Ал бұл ұйымға мүше болу банк саласын,  шағын және орта бизнесті дамытуды талап етеді. Сонды­ғынан болар, аталмыш салаларға қолдау көрсету Прези­дент пен  Үкімет саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Енді осы қамқорлық пен қолдауды мүмкіндігінше тиімді пайдалана білу аймақтардағы әкімдіктер мен осыған қатысты басқармалардың қаншалықты дәрежеде іскерлік пен шалттық таныта алып жүрген­дерінің нақтылы бағасы мен өлшемін байқата алады. Серік ПІРНАЗАР, Астана.

Шағын және орта бизнес мониторингі

(2010 жылғы 1 қазандағы мәлімет)

ШОБ                      Белсенді                Қамтылған           Өндірілген өнім негізгі                    субъектілер         адамдар                (қойылған баға бойынша) көрсеткіштері                     өсімі      өсімі      өсімі 101,1 %  102,5 %  105,3% ШОБ                      Заңды тұлғалы    Заңды тұлғалы    Жеке      Шаруа (фермер) белсенді                               шағын кәсіпкерлік             орта кәсіпкерлік кәсіпкер                қожалығы субъектілері 627  779                 65  527    8  876      383  278  170  098 ШОБ                      Заңды тұлғалы    Заңды тұлғалы    Жеке      Шаруа (фермер) субъектілерінде                  шағын кәсіпкерлік             орта кәсіпкерлік кәсіпкер                қожалығы жұмыс істеушілер 2  156  901                             552  445  422  464  728  682  453  310 ШОБ өндірген                     Заңды тұлғалы    Заңды тұлғалы    Жеке      Шаруа (фермер) өнім                       шағын кәсіпкерлік             орта кәсіпкерлік кәсіпкер                қожалығы 4  108  079 млн.       1 114 843 млн. теңге           2  450  288 млн. теңге         336  344 млн.        206  605 млн. теңге                                                     теңге      теңге

БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

Достастықта теңдесі жоқ зауыт

Бұл әншейін айтыла салған әсіреқызыл сөз емес. Осы заманғы озық технологиямен жарақтандырылған Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты Қазақстанды былай қойғанда, бұрынғы Кеңес одағы аумағында шыны талшықты құбырлар шығаратын бірегей кәсіпорын. Зауыт өзі өндіретін өнімдер ассор­тиментін ұдайы кеңейтіп келеді. Бұрындары салқын су,  канализация құбыр­ла­рын шығарып келсе, биылдан бастап ыстық су құ­бырларын шы­ғаратын әмбебап жаңа тех­ноло­гиялық желіні іске қосты. Әлемдік қаржы дағдары­сы жағдайында өндірісті кеңейт­пек түгілі, барының өзінің жұ­мыс істеуін қамта­масыз ету мүм­кін болмай тұрған күрделі жағ­дай­да мұндай қадамға барудың өзі зауыттың болашағы зор екенін аңғартса керек. Дағдарыс келеді-кетеді, өміршең өндіріс қажет болады. Ілгері күнге үлкен үміт артып отырған кәсіп­орын­ның ұстанған бағыты болашаққа бағдар­ланғанын қазіргі қадам­дары дәлелдей түскендей. Жалпы, Ақтөбе металл емес құбырлар зауы­ты жас кәсіпорын. Зауыт 2005 жылы пай­да­лануға берілді. Осы инвестициялық жобаны жүзеге асыруға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың  қолдау көрсеткенінің өзі оның болаша­ғына сенгендіктен болар. Шынын айтқанда, сол жылдары елімізде құбыр шығаратын осындай өндіріс болған жоқ-ты. Полиэтилен құбырлар  өндірісінің өзі жаңа-жаңа қолға алынып жатқан болатын. Ал шыны талшықты құбыр бұрын пайдаланылып келген темір құбырларға қарағанда  анағұрлым сапалы, төзімді әрі тиімді. Сол себепті де Елба­сы қолдауына ие болған жоба дереу респуб­ликалық бағдарламаға енгізіліп, өмірге жолдама алды. Бұл жобаны жүзеге асыру білікті басшы,  мамандығы бойынша инженер-экономист  Ян Тампаевқа тапсырылуы да тегін емес. Эко­номиканың даму жолдарын жетік білетін тәжі­рибелі өндіріс басшысы осы жобаның тиім­ділігін Елбасы алдында талай рет дәлелдеген-ді. Бәрін жаңадан бастауға тура келді. Сол кездің өзінде жаңа зауытқа өнімділігі жоғары осы заманғы  италиялық озық технологиялық қондырғыларды орнатуға бел буылған болатын. Мүмкіндігі мол тапсырысшылармен келісіліп, білікті мамандар тартылды. Зауыт құрылысы белгіленген мерзімде бітіп, технологиялық  қондырғылар уақтылы іске қосылды. Зауыт алғашқы өнімдерін шығарысымен-ақ сұранысқа ие болды. Қазір кәсіпорын ТМД аумағында теңдесі жоқ зауыт болып табылады. Осы бес жылдың ішінде оның өнімдері Ресей, Солтүстік Кавказ және Орталық Азия рыногында өз орнын тапты десе болады. Кәсіпорын Дағыстанда диаметрі 1400 миллиметр 14 шақырым шыны талшықты құбырды құрастырып берген. Соңғы екі жылда қуаты 1,5 млн МВт. Немомысс ГРЭС-нің шыны талшықты құбырлар жеткізу бойынша тапсырысын орындаған. Қазірдің өзінде Алтайдан, Поволжьеден,Тәжікстаннан сұраныс бар, тек олар дағдарысқа байланысты қаржы аудара алмай оны орындауда кідіріс болып тұр. Әлемдік қаржы дағдарысының салдары бұл кәсіпорынды да айналып өтпеді. Тапсырыс көлемі азайып, зауыт жұмысына қолбайлау болып отыр. Қазір зауыттың қуаты 60 пайыз ғана жұмыс істеп тұр. Соған қарамастан мұнда өндірісті кеңейту мүмкіндіктері қарастыры­луда, болашаққа бағыт ұсталып жұмыс істелу­де. Соның бір дәлелі жоғарыда біз айтып өткен ыстық су және мұнай-газ өнеркәсібіне ар­налған шыны талшықты құбырларды ораудың бірегей  екінші технологиялық желісінің іске қосылуы дер едік. Мұндай өндіріс әзірге жақын шетелдерде жоқ. Оның өнімдері бәсекелестікке қабілетті, сондықтан да оларға сұраныс жоғары. Жаңа технологиялық желі сапалы өнім өндіруге ғана емес, өнім түрлерін көбейтуге де алғышарт жасауда. Бұрындары зауытта диаметрлері 300-2600 миллиметр шы­ны талшықты құбырлар шығарылып келсе, енді 50-2600 миллиметрлік құбырлар да өндіріледі. Шыны талшықты құбарлар темірге қарағанда он есе артық. Құбырларды кемінде 50 жыл қиналмай пайдалануға кепілдік бар. Ал темір құбырлар әрі кеткенде 10-12 жылда жарамсыз болып қалады. Шыны талшықты құбырлардың тағы бір артықшылығы ішкі жағына тат, қақ тұрмайды. Сондай-ақ, мұнда агрессивті орта үшін құбырлар, күкірті және тұзды қышқылдар сақтайтын 75 текше метрлік сыйымдылықтар шығару да жолға қойылды. Бас  директоры Ян Тампаевтың айтуынша, зауыт үстіміздегі жылы ұзындығы 10 шақырым алғашқы  шыны талшықты мұнай құбырларын  Атырауға жөнелтіпті. Алдағы жылы мұндай келісімдер Қытай ұлттық мұнай-газ компа­ниясымен жасалатын болады. Ақтөбе қала­сындағы 14 шақырым су желісі де шыны тал­шықты құбырға алмастырылыпты. Болашақта қаладан шыны талшықты құбырларға тапсы­рыс арта түспек. Кәсіпорын мамандары қазір осындай құбырларды жалғайтын және басқа жиынтықтаушы құралдарды шығаруды ойлас­тыруда. Жақында зауыт өз өнімдерін “Қаз­атомөнеркәсіп” АҚ-қа ұсын­ды. Кәсіпорында таяу бола­шақ­та шағын қала­лар және алыс ауылдардағы су мұнара­лары үшін сыйымды­лықтар мен құбырлар шығару да көз­делуде. Кешегі кеңестік ке­зең­нен мұраға қалған темір құбырларды шыны талшықты құбыр­лармен алмастыру қа­жет­тігін ескерсек, кәсіпорын өнімде­ріне сұраныстың бұдан гөрі де жоғары болатыны ай­дан анық мәселе. Бұл жобаны зауыт Самара аэроғарыш институ­тымен бірлесіп жүзеге асыруды қарастыруда. Қазір зауытта 200 адам еңбек етеді. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде жылына әр түрлі диаметрдегі  320 шақырым шыны талшық­ты құбыр шығарады, ол кезде жұмысшылар саны 250-ге дейін көбейеді. Мұнда  қажет­ті ма­мандарды өз өндірістік база­сында даярлау жолға қойылған. Қазір Теміртаудағы “Миттал Стил” компания­сымен, Екібастұз ГРЭС-імен және Мойнақ ГРЭС-імен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорынның бас технологы Болат Қанатовтың айтуынша, шыны талшықты құбырлар шығаруға қажетті шикізат Қытайдан, Сауд Арабиясынан, Араб Әмірліктерінен жеткізілетін көрінеді. Тасымал жолының  шалғайлығын, тапсырыс бола қал­ғанда оны тез орындау қажеттігін ескеріп, кә­сіп­орында шикізаттың екі айлық қорын жасап қою қалыптасқан дәстүр көрінеді.  Зауыт өнімінің басым бөлігі экспортқа шығарыла­тындықтан мұнда сапаға айрықша назар ауда­рылады. Дайын құбырлар осын­дағы зерт­ханадан бар­лық өлшем­дері бойын­ша сынақтан өткізіледі. Әзірге жөнел­тілген құ­бырлар тұты­ну­шылар та­рапынан жақсы баға­лануда. Сон­дықтан да болар зауыт өнімдеріне алыс-жақын шетел­дерден қызығушылық таныту­шылар қатары уақыт өт­кен сайын көбейе түсуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.

Ине-жіптен шыққандай

Жетісулықтар “Ажар” тігін кәсіпорны жайлы әрдайым жылы лебіз білдіреді. Өйткені, тігін фаб­рикасының іргетасы  сонау 1933 жылы қаланып, содан бергі кезеңде қаншама адамды жұмыспен қам­тып, қаншама тұтынушының қаже­тін өтеді десеңізші. Нарықтың өтпелі кезеңінде де жеңіл өнеркәсіп орны өз жұмысын басқа қырынан құрып, есігіне қара құлып салын­бауы үшін  қажыр-қайрат танытты. Осылайша 1992 жылы жеке меншік кәсіпорын ретінде өндірістік және сауда-саттық қызметті қатар ат­қарып, қаржылық жұйесін қалыпты ұстауға  талпынды. “ТФ Ажар” ЖШС ретінде қайта тіркеліп, кәсіпорын­ның өндірістік желісін шетелдік құрал-жабдықтармен жаңартты. Нәти­жесінде фабрикада арнайы сығымдағыш, көп сатылы тігін мәшинелері тігіншілердің жоғары талғаммен жұмыс істеуіне мүмкін­дік туғызды. Қазір тігіншілер Германиядан алынған “Пфафф”, “Дюркопп”, Италияның “Римоль­ди” және Жапония мен Венгрия­дан жеткізілген жабдықтарды орнатып, тұтынушыға деген оң көзқарастарын қалыптастырды. Ажарлықтардың өзге өндіріс­шілерден айрмашылығы әрдайым мата сапасының жоғарылығына, беріктігі мен төзімділігіне, химия­лық қосындысына және сапа сәй­кес­тігіне ерекше көңіл бөлуі. Осы орайда сапа мен сәйкестікті бақы­лаудан өткізетін арнайы зертхана жұмыс істеп, нақты  бақылау орныққан. Қазіргі кезде ұжымда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, олардың тұрмыстық жағдайларын көтеруге де көңіл бөлінген. Өйт­кені, кәсіпорындағы жұмыс қарба­л­ас. Жыл сайын ондаған тендерге қатысып, өздерінің мүмкіндіктерін  сынға салған кәсіпорын биыл Қорғаныс министрлігі, “Қазақстан темір жолы”, “КЕГОК” АҚ және тағы басқа орындардан тапсырыс алып, өндіріс ау­қымын кеңейт­кен. Сонымен қатар 1992 жыл­дан бері еліміз­дің күш құры­лымдарымен ты­ғыз қарым-қатынаста жұ­мыс жасау нә­тижесінде Ішкі істер ми­нис­трлігінің және Ұлттық қауіп­сіздік комитеті шекара қызметкер­лері үшін арнайы әскери киім үлгілерін тігіп, сапалы өнімге деген сұраныс өсіп отырғанын айтар едік. Осы орайда кәсіпорындағы Мереке Сатыбалдина, Любовь Топаева, Дәмеш Толқымбекова, Орынбала Байғабылова, тағы басқаларының есімдерін ұжымдағылар әрдайым мақтанышпен айтады. Отандық өндірістің керегесін кеңейткен кәсіпорын ұжымы “Халыққа арналған үздік тауарлар” номинациясының дипломанты атанып, шетелден түскен  сұраныс­тарды да қанағаттандыруда. Өз жұмыстарының ырғағын жоғалт­паған тігіншілер мұнайшылардың, медицина саласы қызметкерлерінің жұмыс киімдерін тігумен де айна­лысады. Ал мектеп оқушы­ларының формалары да осы кәсіпорында тігіліп, еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартатынын біреу білсе, біреу білмейді. Осындай жоғары талғам нәтижесінде ұжым ИСО 9001-2000 халықаралық сапа ме­недж­менті жүйесі­не ен­гізілсе, “Алтын сапа” республикалық байқауы­ның  жеңімпазы екендігін де айтқан  жөн. Мемлекет басшысы отан­дық тауар өндіруші­лерге жан-жақты қолдау көрсе­ту мақсатында бі­рінші кезекте елімізде шығарыл­ған тауарлармен қам­тылуын тап­сыр­ғаны белгілі. Осы мақсатқа орай ажар­лықтар  отандық құры­лымдардың тап­сырыстарын орын­дап, тұтыну­шымен байланы­сын уақыт өткен сайын жақсартып отыр. Көбіне шикізатты Беларусь, Қытай, Ресей мемлекеттерінен  алдырып, ма­таның түсі мен сапасына назар аударуда. Соңғы жылдары фаб­риканың филиал­дарын ашу қолға алынып, бүгінде Үштөбе қала­сындаға шағын кә­сіп­орында 30-ға жуық тігінші ең­бек етсе, басқа да елді мекендер­ден орталықтар ашу жоспарланған. Кәсіпорынның бас директоры Х.Ержанов фабриканың жұмысы қалыпты екендігіне тоқталып, де­се де ойландыратын мәселелердің бар екендігін айтады. Ұжым