13 Қараша, 2010

Аурудың алдын алуда

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, жақында ғана, нақтырақ айтар болсақ қарашаның 4-і күні Екібастұз қаласында “А” вирустық гепатит диагнозымен 24 науқастың тіркелгендігі мәлім болды. Жедел жүргізген ем нәтижесінде жеті науқас ауруханадан үйлеріне шық­қан. Қалғандары тиісті емдерін алуда. Сонымен қатар, науқастар­мен байланыста болған барлық адамдар медициналық бақылауға алынған. “А” вирустық гепатитке байланысты Екібастұз қаласындағы барлық 26 мектеп жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден өткендігі жайлы да хабар жеткізілді. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша Екібастұз қаласының 2620 оқушысына “А” вирустық гепатитіне қарсы вакцина егілген. Аурудың емін іздегенше, ауырмаудың жолын ізде дегендей, қала тұрғындары арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.