16 Қараша, 2010

Президент поштасынан

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жетекші кәсіпкерлер үндеуі Мемлекет басшысының атына Н.Смағұлов, Р.Батталов, Е.Қалиев, А.Байтасов, К.Са­тыл­ғанов, С.Сейфуллин және тағы басқа еліміздің жетекші кәсіпкерлерінен үндеу келіп түсті. Үндеуде былай деп жазылған: “Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Біз, қазақстандық бизнес қауымдастығының өкілдері, Сіздің қылмыстық заңнама мен құқық қорғау жүйесін қылмыс­сыздандыру және ырықтандыру жөніндегі бастамаңызды қана­ғаттанарлық сезіммен қабыл­дадық. Біз мемлекеттік әкімшілік жолмен бизнесті ырықтандыру кәсіпкерліктің бәсекеге қабілет­тілігін арттырып, қазақстандық іскерлік бастаманы нығайтады деп кәміл сенеміз. Қылмыстық жүйені ырық­тан­дырудың нақты көрінісінің мысалы ретінде біздің әріп­тесіміз Марғұлан Сейсенбаевтың Отанына оралуын, сонымен қатар, оның “Альянс Банк” АҚ басшылығы мен акционерлеріне қатысты қозғалған қылмысқа бай­ланысты ақиқатты ашуға көмектесу жөніндегі талабын айрықша атап айтар едік. Мар­ғұлан Сейсенбаев Қазақстан Республикасының игілігі үшін, міне, 20 жылдан бері бизнеспен шұғылданып келеді және біз істің нәтижесі шынайы әрі әділ шешілеріне сенеміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Біз мемлекеттің осы саладағы жүргізген реформалары бизнеске мүмкіндік туғызған тағы бір қадам екенін және тиі­сінше, өз Отанымыздың гүлде­нуі үшін бар күшімізді сарқа жұм­сауға әзір екенімізді ұғына­мыз”.