03 Желтоқсан, 2010

Жеделхат

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса құрметті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ!

Сізді «Қазақстан темір жолы» ұлттық ком­па­ниясы» акционерлік қоғамының жүз елу мың адам­нан тұратын ұжымының атынан Сіздің төр­ағалығыңызбен ЕҚЫҰ Саммитінің зор та­быс­пен өтуімен құттықтаймыз! Бұған бүкіл әлемдік көшбасшылардың қатысуы Қазақстанның беделінің жоғарылығын және Сіздің стратегиялық сыртқы саясаты­ңыз­дың бағытының дұ­рыстығын растайды. Бүгіннің өзінде әлемдік қау­ым­дастық Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің қоры­тын­дыларына жо­ғары баға берді. Сіз өткізген ЕҚЫҰ (Астана)  Саммиті – бүкіл әлемге қазіргі заманғы Қа­зақстанның жаңа бейнесін және Сіздің кемеңгер мем­лекеттік саясатыңызды, еліміз бен оның елор­дасы Астананың қол жеткізген орасан зор жетістіктерін паш еткен жаҺандық халықаралық оқиға. Еліміз бен халқымыздың одан әрі дамуы және гүлденуі үшін Сізге шын жүректен ұзақ ғұмыр және зор денсаулық тілейміз! «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар МАМИН. Қазақстан Республикасы Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали АХМЕТБАЕВ.