04 Желтоқсан, 2010

Тәртіп күзетінде

449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ Саммитін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қ­а­зақстан Республикасы Қорға­ныс министрінің бұйрығымен Аэроұтқыр әскерлерінің жедел тобы құрылды. 25 қарашадан бастап Сам­мит­тің соңына дейін Қапша­ғай­дағы десантты-шабуылдаушы бригаданың бір десантты-ша­буылдаушы ротасы, Талды­қор­ғандағы десантты-шабуыл­дау­шы бригаданың екі десантты-шабуылдаушы ротасы, Қазақ­стан бітімгерлік десантты-ша­буылдаушы бригадасының бір десантты-шабуылдаушы бата­льо­ны және Астанада шоғыр­ланған десантты-шабуылдаушы бригаданың бір ротасы күзет шараларын қамтамасыз етті. Күзет шараларын қамта­масыз ету барысында негізгі күш Астананың барлық периметрі бойынша жұмылдырылып, күзет аумағына бөгде адамдар енгізілген жоқ. Астананың ай­на­ласына 27 күзет заставасы мен 80-нен астам бекет қойы­лып, күзет аумағына күдікті адам­дарды кіргізбеу тапсырылды. Әуежайдан бастап қонақ үй­ге дейінгі күзет аумағында бас­қа да қуатты құрылымдардың бөлімшелерімен бірлесіп, мина­сыздандыру топтары жұмыс істеді. Олардың басты тапсыр­ма­сы күре жол бойы мен ав­токөліктерден жарылғыш қаупі бар заттарды іздеу болды. Со­ны­мен қатар, химиялық және биологиялық қауіпсіздік маман­дары делегацияның тоқтаған жерлерін де тексерді. Күзет нысандарын төмен ұшатын аппараттардан бүрке­ме­леу мақсатында зенитті-зы­мы­ранды және зенитті қон­дыр­­ғылар шоғырланды. Кенеттен берілген тапсырмаларды орын­­дау үшін 68665 әскери бө­лімінен жалпы саны 500 адам­­ды құрайтын резерв бө­лінді.  Аэроұтқыр әскерлерінің жеке құрамы Қорғаныс ми­нистр­лі­гінің басшылығы қой­ған ЕҚЫҰ Саммитін өткізу кезінде қауіп­сіздікті қамтамасыз ету тап­сырмаларын адал орын­дады. Олардың арасында ефрейтор Загира Вагапова, қатардағы жау­ынгер Сергей Попов, 32363 әскери бөлімінің десантты-ша­буылдаушы взвод командирлері – аға лейтенант Дамир Оспанов, лейтенант Денис Роппел, 61993 әскери бөлімінің рота командирі – аға лейтенант Сергей Батурин, десантты-шабуыл­дау­шы батальон командирі майор Мырзағали Дарбышев бар. ЕҚЫҰ Саммитін өткізу ке­зеңін қамтамасыз ету шара­ларына 1200-ден астам әскери қызметші, 100-ден астам әскери техника тартылды, деп хабар­лады ҚР Қорғаныс министр­лігінің баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.