28 Желтоқсан, 2010

Баспасөз-2011

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеделхат

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті

Сауытбек Абдрахмановқа

Сізді және сіздің ұжымыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, көңілде­рі­ңіз­ге шаттық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды болсын. Еліміздің шырайлы шығысында орналасқан Күршім ауданының тұр­ғындары Тәуелсіздіктің 20 жыл­дық мерейтойын лайықты қарсы алу бойынша тыңғылықты істер атқаруда. Тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігін ел жұртшылығына жеткізуде өзіңіз басқарып отырған ата ба­сылым – «Егемен Қазақстан» газетінің алар орны ерекше. Аудан тұрғындары жылдан-жылға «Егемен Қазақстанға» аса бір құлшы­ныспен жазылады. Атап айтқанда, 2011 жылдың І жартыжылдығына 800 данаға жазылды. Алтайбек СЕЙІТОВ, Күршім ауданының әкімі. Шығыс Қазақстан облысы.