28 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

427 рет
көрсетілді
30 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына  өзгеріс енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, рес­публикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 23-і.   №1125 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы  № 1125  Жарлығына  қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi 1. Жалпы ережелер 1. Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстар­дың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер­гiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың осы жүйесi (бұдан әрi – Жүйе) ор­талық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, респуб­ли­ка­лық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқару­шы органдары (бұдан әрi – бағаланушы мемлекеттік орган­дар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi. 2. Жүйе бағалауға жататын мемлекеттік органдар қыз­метiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың негiзгi ере­желерiн, принциптерiн, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесiн және жүргiзу, анықтау және оларға ша­ғымдау тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi – тиімділікті бағалау). 3. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау­дың мақсаты оларға жүктелген міндеттер мен функ­ция­лардың іске асырылу тиімділігін айқындау болып табылады. 4. Тиімдікті бағалау үшін ақпарат көздері болып табылатындар: 1) мемлекеттiк органдардың есептi кезеңде жүргiзген қызметi туралы есебі; 2) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi жә­не бағалау жүргізуге уәкілетті органдар жүргiзген тексерулер нәтижелерi; 3) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Респуб­ликасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсыр­маларының орындалуын бақылау нәтижелерi; 4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының актi­лерi мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Рес­публикасының Премьер-Министрi Кеңсесi бақы­лауы­ның нәтижелерi; 5) мемлекеттік органдардың бақылау актілері; 6) ресми статистикалық мәліметтер; 7) тәуелсіз сарапшылар қорытындылары; 8) тиімділікті бағалаудың белгілі бір бағыты бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерi; 9) тиімділікті жалпы бағалауды дайындау барысын­дағы үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiк­тердiң) ақпараты. 5. Тиімділікті бағалауды осы Жүйенің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар) жүргізеді. 6. Тиiмдiлiкті бағалау жыл сайын бағалау жүргізу кестесіне сәйкес есептi (күнтiзбелiк) жылдың қорытынды­лары бойынша жүзеге асырылады. 7. Тиімділікті бағалау жүргiзу кестесi: 1) Бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыт­тар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратын; 2) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың мем­ле­кет­тiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға (бұдан әрі – мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган) бағалаудың нәтижелері туралы қорытындысын; 3) мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган­ның Сараптамалық комиссияға бағыттар бойынша жал­пы бағалау нәтижелері туралы қорытындысын; 4) Сараптамалық комиссияның Қазақстан Республика­сы­ның Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды. 8. Тиімділікті бағалау жүргiзу кестесiн мемлекеттiк жос­парлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзірлейді және Қа­зақ­стан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі бекiтеді. 2. Тиiмдiлiкті бағалау қағидаттары 9. Тиiмдiлiкті бағалау қағидаттары: 1) заңдылық қағидаты – тиiмдiлiкті бағалауды Қазақ­стан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестiкте жүргiзу; 2) әдiлдiк қағидаты – жан-жақты және толық тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау; 3) дәйектiлiк қағидаты – тиiмдiлiкті бағалаудың нәтиже­лерiн тиiстi құжаттармен растау; 4) ашықтық қағидаты – ақпарат көздерінің шығу тари­хын тексеру мүмкіндігі; 5) жариялылық қағидаты – құпиялылық режимiн және қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қор­ғауды қамтамасыз етудi ескере отырып, тиiмдiлiкті бағалаудың нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялау болып табылады. 3. Тиiмдiлiкті бағалау органдарының жүйесi 10. Тиiмдiлiкті бағалау органдарының жүйесiн бағалауға уәкілетті мынадай мемлекеттік органдар: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi; 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi; 3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган; 4) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган; 5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (бұдан әрi -бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган); 6) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган құрайды. 11. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген бағыттар­ға сәйкес бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар беретiн қоры­тындылар негiзiнде бағаланушы мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды жүзеге асырады. 12. Бағыттар бойынша тиiмдiлiкті жалпы бағалау нәти­желерi туралы сараптамалық қорытынды қалыптас­тыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiм­шiлiгi Басшысының шешiмiмен Президент Әкiм­шiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң лауазымды тұлғалары қатарынан Сараптама комиссиясы құрылады. Қазақстан Республикасы Пре­зидентi Әкiмшiлiгiнің Басшысы сонымен қатар Сараптама комиссиясының жұмыс органын айқындайды. 13. Сараптама комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Басшысының бұй­ры­ғымен бекітілетін Ережені басшылыққа алады. 14. Президент Әкімшілігін және Қазақстан Республи­касы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, баға­лауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін әдіс­на­малық үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 15. Өздеріне қатысты тиiмдiлiкті бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 4. Тиiмдiлiкті бағалау бағыттары 16. Тиiмдiлiкті бағалау бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады: 1) қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Прези­дентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау; 3) бюджет қаражатын басқару; 4) мемлекеттiк қызметтер көрсету; 5) персоналды басқару; 6) ақпараттық технологияларды қолдану. 17. Осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген қызмет­тің әрбір бағыты бойынша бағалауға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар оларда мемлекеттік органдар қыз­метінің тиімділігін бағалау өлшемдері мен көр­сеткіштері айқындалатын Сараптама комиссиясымен келісілген тиісті әдістемелерді әзірлейді және бекітеді. 18. Мынадай ережелер тиiмдiлiк өлшемдері мен көр­сет­кiштерiне қойылатын міндетті талаптар болып табылады: 1) өлшемдер мен көрсеткіштер ресми статистикалық деректерге, мемлекеттік органдардың деректері мен басқа да ресми ақпаратқа негізделуі тиіс; 2) шығыс ақпаратты жинақтау және өңдеу тәсілі алынған деректердің дәлдігін тексеру мүмкіндігіне жол беруі тиіс; 3) көрсеткішті айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын мемлекеттік органның да, бір мәнді түсінуін қамтамасыз етуі тиіс; 4) қажетті деректерді алу мүмкіндігінше аз уақыт және ресурстар шығындарымен жүргізілуі тиіс; 5) өлшемдер мен көрсеткіштер деректерді үздіксіз жинақтау қажеттілігін және жеке кезеңдер үшін олардың салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып айқындаған жөн; 6) өлшемдер мен көрсеткіштер мемлекеттік органның барлық қызметін қамтуы және барлық мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуына бағытталуы тиіс. 19. Тиімділіктің өлшемдері мен көрсеткіштері ретінде халықаралық тәжірибеде қолданылатын өлшемдер мен көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін. 20. Өлшемдер мен көрсеткіштер нақты мемлекеттік органның тікелей қызметін көрсетуі тиіс. 4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау 21. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың қадағаланатын саладағы/ая­да­ғы/өңiрдегi тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі. 22. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн орталық атқарушы органдарды және жергілікті атқарушы органдарды, осы бағыт бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бағалайды. 23. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган­ның осы бағыт бойынша тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады. 24. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттiк органдарды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды. 25. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi страте­гия­лық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеуді және бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мем­ле­кеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау 26. Осы бағыт бойынша бағалау Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының сапасын, толықтығы мен орындалу уақтылығын айқындау мақсатында жүргізіледі. 27. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы ор­ган­дардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қа­зақ­стан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақ­стан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi жүзеге асырады. 28. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы ор­гандардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қа­зақ­стан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актi­лерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қа­зақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады. 29. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Рес­публикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Прези­дентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нистрiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi және бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi Қазақстан Республикасы Пре­зидентiнiң Әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. 4.3. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау 30. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бюджет қара­жатын пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін қам­тамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақ­сатында жүзеге асырылады. 31. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды бюд­жет­тің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 32. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды. 33. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi бюджеттің атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4.4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау 34. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет­термен қамтамасыз ету шараларының тиімділігін айқын­дау мақсатында жүзеге асырылады. 35. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды мемле­кеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 36. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган­­ды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды. 37. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 38. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көр­сетуін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады. 39. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көр­сету сапасын бағалау нәтижелерi туралы қорытынды мемлекеттiк қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға енгiзiледi. 40. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жүзеге асырады. 41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі мүмкін. 4.5 Персоналды басқару тиімділігін бағалау 42. Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттік органда персоналды басқару шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі. 43. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 44. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды. 45. Персоналды басқаруды бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мем­лекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау 46. Осы бағыт бойынша бағалау үрдістерді оңтай­ландыру және мемлекеттік органдар қызметінің ашық­тығын арттыру үшін мемлекеттік органдардың ақпарат­тық технологияларды қолдану тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі. 47. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды ақ­па­рат­тандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 48. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды. 49. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiс­намалық сүйемелдеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 5. Бағаланатын мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу тәртiбi 50. Бағаланатын мемлекеттік органдар жыл сайын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу кестесіне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат тапсырады. 51. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар баға­лана­тын мемлекеттік органдардың есептік ақпарат­тарын­дағы деректерді қайта тексеру бойынша кешенді ұйым­дастыру шараларын қабылдауға міндетті. 52. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиімділікті бағалаған кезде есепті кезеңдегі басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерін есепке алады. 53. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар баға­ланатын және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды және қызмет бағыты бойынша тиімділікті бағалауға қатысты мәселелер бойынша ақпараттарды, қызметтік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия­ларды құпиялық тәртібін сақтай отырып өздері белгілеген тәртіп бойынша сұратуға және алуға құқылы. 54. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау үрдісінде алынған мәліметтердің сақталуына және құпия­лығына жауап береді. 55. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнін­дегі уәкілетті органға тиісті бағыттар бойынша қоры­тындыларын ұсынады. 56. Қызмет бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есептен, бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұруы тиіс. 57. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде мемлекеттік жоспарлау жө­ніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпте коммер­циялық емес негізде үкіметтік емес ұйымдарды (қоғам­дық бірлестіктерді) және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы. 58. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағыттары бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын мемлекеттік органдарды бір мезгілде ақпараттандыра отырып Сараптамалық комиссияға енгізеді. 59. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен Сараптамалық комиссияға ұсынылатын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар қорытындыларының фор­маттарын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшi­лiгiнің келісімі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөнін­дегі уәкілетті орган айқындайды. 60. Сараптамалық комиссия мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы негiзiнде тиімділікті жалпы бағалаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының Президентiне енгізіледі. 61. Жалпы бағалаудың нәтижелерi мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсы­ныстарымен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті шаралар қолдануы үшін жіберіледі. 62. Бағалау қорытындылары бойынша нәтижелерді мем­лекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бұ-қаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимiн және қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорға­латын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып жариялайды. 6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі 63. Бағаланушы мемлекеттік орган тиімділікті бағалау нәтижелерін алған кезден бастап жүргізілген бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде сараптау комиссиясының жұмыс органына дәлелдеуші құжаттармен бірге шағымдану негіздемелерін ұсынады. 64. Сараптау комиссиясының жұмыс органы шағым­дану негіздемелері келіп түскен жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға қайта тексеруге жібереді. 65. Дәлелдеуші құжаттары жоқ шағымдар келіп түскен жағдайда сараптау комиссиясының жұмыс органы оларды ақпарат ретінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға жібереді. Бағаланушы мемлекеттік органдарға қайта тексерудің орынсыз екендігі жөнінде жауап жолдайды. 66. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарда нәти­желерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызмет­керлер кіруге болмайтын арнайы комиссиялар қалып­тастырылады. 67. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар 30 күнтізбелік күн ішінде қайта тексеру нәтижелері бойынша шағымдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыларын Сараптама комис­сиясының жұмыс органына және бағалауға жататын мемлекеттік органдарға жібереді. 68. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар шағымдарды қабылдаған жағдайда тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізеді. 69. Сараптау комиссиясының жұмыс органы бағалаудың жеке нәтижелеріне егер бағалау барысында бағалаудың соңғы нәтижесіне әсер еткен бұзушылықтар айқындалған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар мамандарын тарта отырып қайта тексеру жүргізуге өз бетімен бастамашылық етуге құқылы. 7. Бағалауға қатысушылардың жауаптылығы 70. Осы Жарлық ережелерінің уақтылы және сапалы орындалуына саяси мемлекеттік қызметшілер дербес жауап береді. 71. Бағалануға жататын мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері есепті кезеңге берілетін есептердің және олардың қызметін регламенттейтін құжаттардың дұрыстығына, толықтығына және уақытында берілуіне дербес жауап береді. 72. Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне дербес жауап береді. 73. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін олардың саяси мемлекеттік қызметшілері дербес жауап береді. 74. Осы Жарлықтың бұзылуы айқындалған жағдайда Сараптау комиссиясының жұмыс органының тиісті лауазымды тұлғалардың жауаптылығы туралы ұсыныс енгізу құқығы бар. 4.3. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау 30. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бюджет қара­жатын пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін қам­тамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақ­сатында жүзеге асырылады. 31. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды бюд­жет­тің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 32. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нис­трiнiң Кеңсесi бағалайды. 33. Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдiс­те­месiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйе­мел­деудi бюджеттің атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4.4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау 34. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұл­ға­лар­ды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет­термен қам­тамасыз ету шараларының тиімділігін айқын­дау мақ­са­тын­да жүзеге асырылады. 35. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды мемле­кет­тiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 36. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган­­ды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Прези­ден­тi­нiң Әкiмшiлiгi бағалайды. 37. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көр­се­ту сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уә­кi­лет­тi орган жүзеге асырады. 38. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның мем­­­лекеттiк қызметтердi электрондық форматта көр­сетуін ба­ғалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кең­сесi жүзеге асырады. 39. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көр­сету сапасын бағалау нәтижелерi туралы қорытынды мем­лекеттiк қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға енгiзiледi. 40. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiс­те­месiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйе­мел­деу­дi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпа­рат­тан­дыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жү­зеге асырады. 41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жү­зеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтік зерттеулер жүр­гізілуі мүмкін. 4.5 Персоналды басқару тиімділігін бағалау 42. Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттік органда пер­со­налды басқару шараларының тиімділігін айқындау мақ­са­тында жүргізіледі. 43. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды мем­ле­кеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 44. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi ор­ган­ды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Прези­ден­тiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды. 45. Персоналды басқаруды бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мем­ле­кеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау 46. Осы бағыт бойынша бағалау үрдістерді оңтай­ландыру және мемлекеттік органдар қызметінің ашық­тығын арттыру үшін мемлекеттік органдардың ақпарат­тық технологияларды қолдану тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі. 47. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды ақ­па­рат­тан­дыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 48. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нис­трi­нiң Кеңсесi бағалайды. 49. Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін ба­ғалау әдiс­темесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiс­намалық сүйемел­деудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асы­рады. 5. Бағаланатын мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу тәртiбi 50. Бағаланатын мемлекеттік органдар жыл сайын ба­ға­лау­ға уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу кес­те­сіне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат тапсырады. 51. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар баға­лана­тын мемлекеттік органдардың есептік ақпарат­тарын­дағы дерек­тер­ді қайта тексеру бойынша кешенді ұйым­дастыру шара­ла­рын қабылдауға міндетті. 52. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиімділікті ба­ғалаған кезде есепті кезеңдегі басқа да бақылау орган­да­рының тексеру нәтижелерін есепке алады. 53. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар баға­ланатын және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды және қызмет бағыты бойынша тиімділікті бағалауға қатысты мәселелер бойынша ақпараттарды, қызметтік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия­ларды құпиялық тәртібін сақтай отырып өздері белгілеген тәртіп бойынша сұратуға және алуға құқылы. 54. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау үрдісінде алынған мәліметтердің сақталуына және құпия­лығына жауап береді. 55. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнін­дегі уә­кілетті органға тиісті бағыттар бойынша қоры­тын­ды­ла­рын ұсынады. 56. Қызмет бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нә­тижелері туралы қорытындылар бағалау туралы қоры­тынды есептен, бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұруы тиіс. 57. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы баға­лау­ды қалыптастыру кезінде мемлекеттік жоспарлау жө­ніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпте коммер­циялық емес негізде үкіметтік емес ұйымдарды (қоғам­дық бірлестіктерді) жә­не тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы. 58. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жө­ніндегі уәкілетті орган бағыттары бойынша тиімділікті жалпы ба­ғалау нәтижелерін бағаланатын мемлекеттік ор­гандарды бір мез­гілде ақпараттандыра отырып Сарап­та­малық комиссияға енгізеді. 59. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен Сараптамалық комиссияға ұсынылатын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар қорытындыларының фор­маттарын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшi­лiгiнің келісімі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөнін­дегі уәкілетті орган айқындайды. 60. Сараптамалық комиссия мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы негiзiнде тиімділікті жалпы бағалаудың нәтижелерi Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Президентiне енгізіледі. 61. Жалпы бағалаудың нәтижелерi мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсы­ныстарымен мем­лекеттік органдардың басшыларына тиісті шаралар қол­дануы үшін жіберіледі. 62. Бағалау қорытындылары бойынша нәтижелерді мем­лекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимiн және қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорға­латын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып жариялайды. 6. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі 63. Бағаланушы мемлекеттік орган тиімділікті бағалау нәтижелерін алған кезден бастап жүргізілген бағалау нәти­же­лерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде сарап­тау комиссиясының жұмыс органына дәлелдеуші құ­жат­тармен бірге шағымдану негіздемелерін ұсынады. 64. Сараптау комиссиясының жұмыс органы шағым­дану негіздемелері келіп түскен жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға қайта тексеруге жібереді. 65. Дәлелдеуші құжаттары жоқ шағымдар келіп түскен жағдайда сараптау комиссиясының жұмыс органы оларды ақпарат ретінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға жі­бе­реді. Бағаланушы мемлекеттік органдарға қайта тек­се­рудің орынсыз екендігі жөнінде жауап жолдайды. 66. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарда нәти­желерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызмет­керлер кіруге болмайтын арнайы комиссиялар қалып­тастырылады. 67. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар 30 күнтізбелік күн ішінде қайта тексеру нәтижелері бойынша шағымдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қоры­тын­дыларын Сараптама комис­сиясының жұмыс органына және бағалауға жататын мемлекеттік органдарға жібереді. 68. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар шағымдарды қабылдаған жағдайда тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізеді. 69. Сараптау комиссиясының жұмыс органы бағалаудың жеке нәтижелеріне егер бағалау барысында бағалаудың соңғы нәтижесіне әсер еткен бұзушылықтар айқындалған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар мамандарын тарта отырып қайта тексеру жүргізуге өз бетімен бастамашылық етуге құқылы. 7. Бағалауға қатысушылардың жауаптылығы 70. Осы Жарлық ережелерінің уақтылы және сапалы орындалуына саяси мемлекеттік қызметшілер дербес жауап береді. 71. Бағалануға жататын мемлекеттік органдардың саяси мем­лекеттік қызметшілері есепті кезеңге берілетін есеп­тер­дің және олардың қызметін регламенттейтін құжаттардың дұ­рыстығына, толықтығына және уақытында берілуіне дербес жауап береді. 72. Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру сала­сын­да­ғы уәкiлеттi органдардың саяси мемлекеттік қыз­мет­ші­лері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне дербес жауап береді. 73. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін олардың саяси мемлекеттік қызметшілері дербес жауап береді. 74. Осы Жарлықтың бұзылуы айқындалған жағдайда Сараптау комиссиясының жұмыс органының тиісті лауазымды тұлғалардың жауаптылығы туралы ұсыныс енгізу құқығы бар.