28 Желтоқсан, 2010

Елдіктің ерен үлгісі

438 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қай-қай халыққа да ел болып еңсесін көтеру оңайға түспегенін көне тарихтан білеміз. Әрісін айт­пағанда, жетпіс жылдан астам Мәс­кеудің ықпалында болып, ке­ңестік кезеңнің теперішін көрген Қазақстан да осы тар жол, тайғақ кешуден өтті. Өткенде де әдемі өтті. Әрине, бұл халқымыздың бір­лігі мен Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың сара саясатының ар­қа­сында мүмкін болғанын жасы­ру­дың реті жоқ. Халқымыз «Мың қосшыдан, бір басшы» деп тегін айтпаса керек. Осы бір тарихи жауап­ты сәтте ел тізгінін Нұр­сұл­тан Әбішұлының ұстауы қазақ­тың бақыты болды десек, артық айтқандық емес. Тәуелсіздіктің алаң-көбеңіндегі қиындықтардан халықты алып шығатын қайыспас қара нар керек еді бұл істе. Ел­басы халқының бағына туған ұл екенін өз ісімен көрсетті, елінің ертеңі сенімді, береке-бірлігі мық­­ты болуы жолында тыңнан соқ­пақ салды. Әрине, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болып кіруінің өзі үлкен абырой болатын. Бастапқыда Еу­ро­­паның 33 мемлекетін және АҚШ пен Канаданы біріктірген бұл ұйымға қазір 56 ел мүше болып отыр. Саяси-экономикалық даму­дың өзіндік жолына түскен еліміз­дің ұйымның төрағалық тізгінін қо­лына алуы ұлы тарихи оқиға, ұлан-ғайыр жетістік болды. Мұн­дай әлемдік деңгейдегі абырой-бедел­дің оңайлықпен келмейтіні де белгілі. Қазақстан әлемдік қауым­дастық алдында өзінің ұлт­аралық және конфессия­ара­лық келісімге ұм­тылушылық бастама­сын баян­ды ету жолында тағы бір үлкен іс тындыруға бағыт ұстады. Араға он бір жыл салып еліміздің бас қаласы Астанада ЕҚЫҰ Саммитін әлемді таңқал­дырарлықтай деңгейде ұйымдас­тырып, өткізді. Бұл әрбір қазақ­стандықтың бо­йын­да мақтаныш сезімін туды­рып отырғаны шын­дық. Біз Ел­ба­сымыздың әлем­дік саяси аре­не­­дағы беделі мен толағай табы­сына мақтанып қана қой­май, елдегі ынтымақ пен бір­ліктің, дос­тық пен татулықтың нығаюына әрқайсымыз өзіміздің хал-қа­дері­мізше үлес қосқаны­мызды да мақ­­­таныш етеміз. Шетелдік са­рап­шылардың өздері Қа­зақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төраға­лығы ұйым жұмысына соны серпін берді деп бағалады. Сыртқы саясатта сын­дарлы бағыт ұстану, ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен бірлігін қалыптас­тыру, ортақ Ота­нымызда бейбітшілік пен ты­ныш­тықтың тұғы­рын берік қалау – бұл Елбасы алға қойған биік мақ­саттардан бастау алып отыр­ған қағидаттар деу орынды болмақ. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық етуі – демократиялық да­му­дағы біздің Президентіміз Н.На­зарбаевтың үлкен еңбегі. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету үлкен жауапкершілік екенін ұмытпауымыз керек. Қа­зақстан өзінің төрағалығы кезінде Еуразия аймағындағы дау-жан­жалдарды реттеуде үлкен жұ­мыс ат­қарды және әлемдік саясат­қа пай­далы әсер әкелетін бірқатар бас­тамалар ұсынды. Қыр­ғыз­стан­дағы саяси дағдарыстың түйінін шешуге бірінші болып әлемдік қауым­дастықтың назарын ауда­рып қана қоймай, көршіліс қыр­ғыз бауырларға басу айтып, ма­териалдық қолдау-көмек көрсе­туге бастамашылық танытты. Әзір­­байжан мен Армения ара­сындағы бітеу жараға айналған Таулы Қа­рабақ проблемасын ше­шудің ықти­мал жолдарын табуға талпынды. Ауғанстан мәселесін күн тәртібіне шығарып, әлемдік есірткі биз­несі­нің жолын кесу бастамасын көтерді. Ал күні кеше ғана Астанада өткен бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы да бірлікке бағытталған шаралардың бірегейі ретінде есте қалды. Саммиттің Астанада өткізілуі­не және, ең бастысы, қорытынды құжат – Астана Декларациясы­ның қабылдануына Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың биік беделі ықпал етті деу орынды. Қашан да Қазақстан халқының қамын жейтін Ұлт Көшбасшысы бұл жолы да әлемдік өзекті проблемаларды көре білетіндігімен, оларды шешуге жұмыл­дыру­шылық қасиеті­мен халық­ара­лық беделімізді кө­теріп тастады. Жалпы, Астана қаласында өт­кен ЕҚЫҰ Саммиті барлық ха­лық­аралық қауымдастықтың на­за­рын аударған маңызды оқиға болды. Қазақстанның жас елор­дасы – Астана қаласы тарихта із қалдыратын әлемдік ауқымдағы маңызды форумды тамаша ұйым­дастыра алды. Ал облысымызда атқарушы ор­гандардың, ақпараттық-наси­хат­­тық топ мүшелерінің Қа­зақстан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөнінде түсіндіру және насихаттау жұмыстары кеңінен жүргі­зіл­ді. Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету басымдықтарын түсіндіру және насихаттау бо­йын­ша дайындалған әдістемелік құ­ралдармен жабдықталып, конференциялар, дөңгелек үстелдер, сұх­­­­баттар, тәрбие сағаттарын ұйым­­­­дас­тырды. Бұқаралық ақ­парат құ­ралдарында арнайы айдарлар ашы­лып, онда Қазақстанның осы беделді халықаралық ұйымға төраға­лық етуінің маңыздылығы жөнін­де қоғам қайраткерлерінің, ғылы­ми және шығармашылық интеллигенция өкілдерінің, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің пікір-лебіздері берілді. Ақтөбе қа­ла­сында және елді мекендерде атал­мыш тақырып бойынша билбордтар және көрнекі үгіт-наси­хат құрал­дарын орнатылды.Қа­зақ­­станның аталмыш ұйымға төр­ағалық етуі мен Саммитін өт­кі­зуін, мұндай биікке ТМД ел­дері­нің ішінен бірінші болып шы­ғып отырғанын әрбір Ақтөбе тұр­ғыны мақтан тұтады. Ахат МЫРЗАЛИН, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы.