28 Желтоқсан, 2010

Парламентте бастамашы топ құрылды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент депутаттары еліміздің қазіргі Президентінің өкілеттігін ұзартуға қатысты бастамаға қолдау білдірді Кеше Қазақстан Парламентінде қос палата төраға­ла­рының қа­ты­суымен Қазақ­стан Республи­ка­сының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкі­­леттігін республикалық референдум арқылы ұзарту жөніндегі қоғам өкілдерінің ұсынысын қол­даған депу­тат­тардың бастама­шы тобы құрылды. Мәжіліс пен Сенат депу­тат­­та­ры өздерінің үндеуінде Прези­дент­тің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жө­ніндегі респуб­ликалық референдум өткізу ту­ралы ұсы­ныс­тың тәуелсіз мем­лекет­тің негізін қалаушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елба­сы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев­тың тарихи рөлі мен миссиясын ұғына отырып жа­салғанын атап өтті, деп хабарлады Мәжілістің бас­па­сөз қызметі.