Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21640 материал табылды

Абай • 19 Қазан, 2020

Томас Густав Виннер. Үш дәстүрді ұштастырған

(Соңы. Басы 198-нөмірде) Өз халқының көпшілік бөлігінің төл мәдени мұрасының асылдарын ұмыта бастағанына және орыс бас­қын­шыларының ыңғайына жығылу­ға бет алғанына Абайдың жаны күйзел­ді. Ол Ресей әкімшілігі үшін жайлы тіл­­маштар мен жандайшаптар даяр­лауға ғана жеткілікті мөлшерде аздап сауат аштыратын орысша білім беру ісінің сыңаржақтығын сынады.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Парасаттылықты ілгерілету идеясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі парасаттылық идеология­сын ілгері­летудің жаңа әдісі ретінде еліміздің қалалары мен ауылдарының орталық көше­леріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне сыбайлас жемқор­лыққа қарсы муралдар салу туралы бастама көтерді.

Қазақстан • 19 Қазан, 2020

Тоғызыншы территория: көшті қайта жандандыру керек

Еліміз егемендік алған тұста, яғни тоқсаныншы жылдардың басында демографиялық салада көңілге қаяу салған жайттар аз болған жоқ. Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамында болған одақтас республикалар жеке-жеке отау құра бастағанда қазіргі ТМД аумағындағы көші-қон үдерісі қарқын алды. Бір ғана 1991-1995 жылдар аралығында Қазақстаннан 3,5 миллион адам тарихи отанына көшіп кетті. Бұл жағдай дүниежүзілік саяси картада ойып тұрып орын алған, жер аумағы бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған Қазақ елінің демографиялық ахуалына кері әсер етті. Міне, осы кезеңде өткен ғасырдың алғашқы жартысында орын алған алапат ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезінде бүкіл әлемге тарыдай шашыраған қандастарымызды тарихи Отанына қайтару жұмысы қолға алына бастады. Содан атажұртқа ұлы көш ағылды. Осы мәселеге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Кезінде тәуелсіздік алған тұста, 1991-1995 жылдары Қазақстаннан 3,5 миллион халық көшіп кетті. Сол көрсеткіш бойынша халық саны 14 миллионға дейін түскен. Қазіргі уақытта қайта қалпымызға келіп жатырмыз. Оның ішінде 1 миллионнан астам қандасымыз сырттан келді», деген еді. Жалпы, көші-қон саласында жалпақ жұрт біле бермейтін өзіндік проблемалар бар. Олар өз кезегінде еңсерілуі тиіс. Осы орайда «Egemen Qazaqstan» газеті атажұртқа ат басын бұрған қандастар, шеттегі ағайынды елге шақыру мәселелерін жиі көтеріп келеді. Бүгін де біз аталған тақырыпта сарапшылардың қатысуымен онлайн режімде дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Сенаты­­ның депутаты Мұрат Бақтиярұлы, ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасы­­­ның орынбасары Сабыржан Сейітжанов, «Отандастар» қорының вице-пре­зи­денті Мағауия Сарбасов қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. Сон­дай-ақ еліміздегі ішкі көші-қон саласындағы игі бастамаларға ұйытқы болған азаматтық қоғам өкілдері де осы дөңгелек үстел жұмысына қатысқан еді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Подгорное елді мекеніне  Арыс қаласынан қоныс аударған ерікті Серік Әлтаев, Түркістан облысы Ордабасы ауданынан қоныс аударып, Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Сорочинка селолық округінің әкімі атанған Берік Қалмұратов бар.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Алимент жауапкершілігі жоғары

Бала жауапкершілігі – ата-ана мойнында. Алайда баланы өмір­ге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналар­дың ортақ бала үшін жасалар жағдайдан жалтаруы жан ауыр­тады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекі­тіл­ген али­ментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Ке­рі­сінше, ажырасқан отбасын әуре-сарсаңға салып ізде­­тіп, жұ­мыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әке­лер де көп кез­де­седі. 

Саясат • 19 Қазан, 2020

Тұрақты комиссия жұмысына қатысты

Сенат депутаттары бейне конференция арқылы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Пікір • 19 Қазан, 2020

Адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне маңыз беріп, басты бағыт етіп ұсынды. Бұл ұлттық саясаттың табиғи ресурстарға сеніп қалмай адами капиталды орнықты дамытуға негізделгені.

Қоғам • 16 Қазан, 2020

Назарбаев орталығы мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңесі Меморандумға қол қойды

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңесі (Ватикан) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 16 Қазан, 2020

Өрт – тіршіліктің жауы

Өрт – тілсіз жау. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін алапат апат. Айтып келмейтін апат табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиянын келтіреді.

Оқиға • 16 Қазан, 2020

Жамбылда жайра қайдан жүр?

Үнді жайрасы (дикобраз) – еліміздегі ең ірі кеміруші санатынан. Бұл аң түрі негізінен Талас Алатауындағы, Қаратаудағы, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі орман-тоғайларды, өзен аңғарларын мекен етеді екен. Тұрқы – 60-90, құйрығының ұзындығы – 12-15 сантиметрдей, салмағы 15-27 килограмдай болады.

Таным • 16 Қазан, 2020

Сарытұңғиық

Сарытұңғиық (Núphar lútea) – нимфалар немесе тұңғиықтар (Nymphaeaceae) тұқымдасына жататын, су бетінде қалқып тұратын, судың түбіне беки өсетін немесе суға жартылай батып өсетін көпжылдық гигрофитті өсімдіктер. Сарытұңғиық «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық парк аумағынан 2019 жылы Қатынсу өзенінің N 46036.330/ E 081058.282/ координатымен тоған суынан тізімделді. 2020 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді.