Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21640 материал табылды

Әдебиет • 21 Қазан, 2020

Сол бір сәттер (Естелік)

Қол алысып, сәлемдесіп тұрмын. Әзиз Несинмен! Өзімен! Әзіл-сықақшы жа­зушылардың халықаралық шы­ғар­ма­шылық бәйгелерінде бас жүл­де­ні басқаларға бұйыртпай жүрген атақ­ты түрік ағамызбен!..

Абай • 21 Қазан, 2020

Зере әже

Ұлы ақын, ойшыл Абайды даналық деңгейіне көтерген ең әуелі өз топырағы, төл мәдениеті, өскен ортасы. Абайдың жан-жақты дарын иесі болып қалыптасуында біріншіден, өз әулеті үлкен рөл атқарды. Арғы атасы Ырғызбайдан бастап, «қарадан туып хан болған» өз әкесі, дала кемеңгері Құнанбайға дейін жалғасын тауып келген билік дәстүрінің туа біткен аса талантты ұрпаққа әсері ерекше болды.

Әлем • 21 Қазан, 2020

Джонсонның жосықсыз жоспары

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жат­қаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London универ­ситетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз. Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді. «Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.  

Қоғам • 21 Қазан, 2020

Жыл құстарының ерекшелігі неде?

Жыл құстары наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Құстардың қоныс аударуының басты себебі – ауа-райының суытып, қыс мезгілінің келуі.

Экология • 21 Қазан, 2020

Жаһанды жасыл желек құтқарады

«Адамзаттың ақыл-ойы табиғат заңымен үйлеспесе, онда ол бақытсыздыққа ұшырайды», деген екен Анахарсис. Бүгінде әлемде адамзатқа ортақ проблема көп. Соның бірі әрі бірегейі – қоршаған ортаны қорғау. Кейінгі кезде оның жағдайы туралы дүние жүзіндегі аты шулы ғалымдар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар аз дабыл қағып жатқан жоқ.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Жаһанда жаңғырған Түркістан

Ерте кезден Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы мен кесенесі Түркі дүниесінің киелі рухани құбылысы болғанмен, тарихи шаһардың тағдыры да, жөні де бөлек. Кесене ХІІ ғасырдағы ақын, ойшыл, ағартушы, сопылық ілімінің негізін қалаған Қожа Ахмет Яcауидің құрметіне салынған. Ел арасында дәстүрлі атауы – «Әзірет Сұлтан». Қала ныспысына келсек, ХVІ ғасырдан бастап құжаттарда «Түркістан» деп жиі қолданылады.

Білім • 20 Қазан, 2020

Coursera платформасында онлайн оқуға мүмкіндік бар

Қазірдің өзінде 8,6 мың қазақстандық қазіргі заманның ең талап етілетін дағдыларын меңгеру үшін Coursera онлайн-білім беру алаңындағы тегін курстарда оқу мүмкіндігін пайдаланды. Бүгінгі таңда тіркелген қатысушылар 10 мыңнан астам сабақ өтті.

Пікір • 20 Қазан, 2020

Ұлттың жаңа болмысы

Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, ұлт сапасын арттыруға баса мән беру керектігі ерекше аталып өтті.

Оқиға • 20 Қазан, 2020

Екі күнде 154 құқықбұзушылық анықталды

Тараз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық­бұзушылық анықталды.

Қоғам • 20 Қазан, 2020

Республикалық жолдың 90 пайызы орташа жөндеуден өтті

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін жолшылар жолдың 90%-ын қалыпқа келтірген.