Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021
Қазақтың салт-дәстүр, ұлттық таным негіздерін, күллі болмысын, тілдік мәйегін бағзылық бояуымен сақтап қалуда Маңғыстау жыраулық мектебінің орны айрықша.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2021
Демографиялық дүмпу немесе келешекте санымыз қанша болмақ?
1959 жылы Бүкілодақтық халық санағы өтіп, нәтижесінде, Қазақстанда 9 309,8 мың адам тұратыны, оның ішінде қазақтар 2 795,0 мың, орыстар 3 950,4 мың адам екені анықталды, үлес салмақтары тиісінше 29,8 және 43,2 пайыз болды. Бұдан бөлек жүздеген мың, украин, неміс, беларусь және басқа ұлт өкілдері тұрып жатты. Өз жерінде осындай азшылыққа айналған бұл күй қазақ ұлты үшін демографиялық тоқырау, апаттық жағдай еді. Қазақ мектептері жаппай жабылып, іс жүргізу орыс тіліне көшірілді. Ежелгі жер-су аттары бұрмаланып, жүздеген елді мекеннің атаулары орысшаға өзгертілді.
Таным • 13 Қаңтар, 2021
«Ең алыс нәрсе – өткен күн, оны ешкім қайтармас, Ең жақын нәрсе – келер, күн ол келмей қоймас» деген тәмсілдің растығына көзімізді тағы бір жеткізгендей, отандық заң ғылымның атасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлықтарының иегері С.Зимановтың бұл фәнидің есігін ашқанына биыл ақпан айында жүз жыл толады.
Тарих • 13 Қаңтар, 2021
Кеңестік тоталитарлық режімнің зорлық-зомбылығын әшкерелеу және салдарын жою Сталин өлгеннен кейін басталды. Әлі жалғасып келеді. Бұл түсінікті де. Біріншіден, кеңестік билік 74 жыл өмір сүрді. Сонша уақыт бойы өзі қабылдамаған, қатерлі санаған кез келген құбылысты, ой-пікірді, тұтас таптар мен топтарды, олардың рухани-материалдық қазынасы мен мұрасын аяусыз таптаумен, қуғындаумен, жоюмен айналысты. Діттеген мақсаттарына жетті де. Кулактарды, байлар мен жартылай феодалдарды жоюы аграрлық экономика мен әлеуметтік салаға орны толмас зиян әкелгенін енді ғана ұғынудамыз. Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң, деген халықпыз ғой. Өткеннің қателігін түземей, дұрыс болашақ құру мүмкін емес.
Әдебиет • 13 Қаңтар, 2021
Үшінші жолдың ұйқастан басы азат. Еркіндіктің бәрі осы үшінші жолда тұрады. Үшінші жолды оқығанда арқа-басың кеңіп қалғандай болады. Кейде өлеңге осы үшінші жолдың еркіндігін берсе ғой деп ойлайсың. Бірақ ақындар үшінші жолды ешқашан менсінген емес.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2021
Бассейнді басқарудың балама тәсілі
Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Стефанос Ксенариос Қазақстанда бес жылдан астам уақыт бойы су ресурстарын басқару мәселелерін зерттеп келеді. Ол саланың қазіргі жағдайына түсініктеме беріп, менеджмент мәселелерін қалай шешуге болатынын айтты.
Руханият • 13 Қаңтар, 2021
Жетісу ән өнерінің мұрагерлері
Жетісу ән өнерін дамытушылардың көбін әнші-ақындар тобына жатқызуға болады. Алайда, олардың сал-сері болмағаны белгілі. Әнші-ақындарға тән қасиет – ақындық пен әншілігі, өнерпаздығы қатар келуінде. Олар ән мәтіні мен әуенін өздері шығарып қана қоймай, оны асқан шеберлікпен орындай білген. Әнші-ақындар өзі өмір сүрген заманына қарай халықтың әр түрлі тарихи-әлеуметтік мәселелеріне, тұрмыс-тіршілігіне қарай лирикалық әндер тудырған.
Пікір • 13 Қаңтар, 2021
Жақында қазақ елінің бас газеті – «Egemen Qazaqstanda» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланғаны белгілі.
Әлем • 12 Қаңтар, 2021
Трамп АҚШ тарихында инаугурацияға қатыспайтын алғашқы президент
АҚШ президенті Дональд Трамп Капитолийдегі қанқұйлы бүліктің алдында жасаған үндеуінде, жақтастарының бұл әрекетін «толығымен орынды болды» деген пайымға келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 12 Қаңтар, 2021
Трамптың жақтастары тағы да бүлік шығара ма?
АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы Трамптың жақтастары Байденнің инаугурациясы қарсаңында қарулы наразылық акциясын жоспарлап отырғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz