Абай • 06 Қаңтар, 2021
Өткен жылы қазақтың ғұлама ойшыл ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Еліміздің барлық салаларында ақынның мерейтойына арналған көптеген игі шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2021
Нұрғали Нүсіпжанұлы: Ұлт құндылығы - басты байлығымыз
Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2021
Бақытжан Жұмағұлов: Келісті ой – кесімді сөз
Сенатор, ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұлов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 06 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы болашаққа бағдар береді.
Пікір • 06 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым. Қазақ халқына шындықты дәлелді айту үшін жазылған терең мағыналы, мазмұнды мақала екен. Қазақстанды басқарып отырған осындай басшының болғанына қуандым.
Пікір • 06 Қаңтар, 2021
Ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайды
Тәуелсіздік алған 30 жылда қол жеткізген биігіміз, сондай-ақ алдағы алынар асуымыз, бағындырар бағытымыз туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың толғамдары жүрекке жылы тиіп, зиялы қауымға, әсіресе тілші-ғалымдар мен жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлауда елеулі еңбек етіп жүргендерге жол көрсетер мемлекеттік маңызы мол мәселеге үн қосуды азаматтық парызым санап, қолға қалам алған жайым бар.
Пікір • 06 Қаңтар, 2021
Экономика саяси реформа арқылы дамиды
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір маңызды мәселеге жауап берді деп ойлаймын. Бізде бұрын даму қарқыны 4,5 пайыз болып, сосын одан да төмендеп кеткен.
Пікір • 06 Қаңтар, 2021
Еліміздің болашағы жастардың қолында
Қоғамға терең ой салар Президент мақаласын оқи отырып, тарихы ғасырлар қойнауына кететін қазақ халқы үшін қастерлі ұғым – тәуелсіздіктің әрқайсысымыз үшін басты құндылық екендігіне тағы да бір тереңнен үңіліп, ата-бабаларымыз аманаттап кеткен ұлан-ғайыр атамекеніміздің асқақ екенін жүрек елегінен өткізгендей әсерде болатынымыз хақ.
Абай • 06 Қаңтар, 2021
Абай ақындығының алтын бастауы
Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазып қалдырған төрт нұсқасы бар. Ұлы ақын он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абайдың біраз оқығандығы айтылады. Ақынды ауылында оқытқан молда туралы С.Мұқанов былай деп жазады: «Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін татар молдаға сабаққа береді. Ғабитхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ даласына келеді де, Балқаш көлінің шығыс жақ жиегін мекендеп отырған керей руында Шүршіт атты байға көп тоқырайды. Келесі жылы Көкшетау дейтін жерде Құнанбай көршілес көп руларды шақырып, өлген әкесі Өскенбайға ас береді. Сол асқа Шүршіт Ғабитханды ала келіп: «Біздің ел дін жолына шорқақ, дінді жақсы ұстап тұрған Құнанбай, сен осының қолында қал», дейді. Ғабитхан бұл сөзге көнген соң, Шүршіт Құнанбайға Ғабитханды қалдырып кетеді. Құнанбай Ғабитханды аулына алып келіп, қазір Ескітам аталатын жерге медресе салады. Абайды және ауылдың басқа балаларын сол медресеге сабаққа береді. Бұл – Шыңғыс тауының өлкесіне бірінші орнаған медресе. Ғабитханның мұсылманша білімі қаншалық болғандығы туралы сақталған материал жоқ. Бірақ Құнанбай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып, Семейдегі медресеге жіберуіне қарағанда, Ғабитхан оншалық мол білімді адам болмау керек».
Таным • 06 Қаңтар, 2021
Түркістан легионы (Мұстафа Шоқайды көрген қарт майдангер Салықжан Қасенұлының әңгімесі)
1984 жыл. Алматы ауылшаруашылық институтының жеміс-жидек факультетін бітіріп, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Кеңес Одағының қос батыры Қашаған Жаманқараев, Рахымжан Тоқатаевтай ағаларымыздың кіндік қаны тамған Қаракемер совхозына қызметке барған кезім. Бір күні жұмыс орныма есекке мінген, артына қоңыр қодығы ілескен жасы алпыстан асып қалған бір ақсақал іздеп келді.